4.2.5.1* - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою
1 тапсырма. Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып дәлелде.
Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әр түрлі болып құлпырады. Таң атып, күн шыққан кезде, көл жап - жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны “Жасыл көл” деп айтады. Бұдан жүз жыл бұрын осы көлге келген орыстың атақты саяхатшысы - Семенов – Тянь-Шанский оны көріп таң - тамаша болған. Ол бұл көл жайында былай деп жазған: “Жасыл көлдің” ғажап көрінісі еш уақытта менің ойымнан кетпейді”. Алатау өңірінде мұндай көлдер, сұлу жерлер өте көп.
2 тапсырма. Мәтіннен біріңғай мүшелерді тауып, дәлелде.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Алдымен ол қазақ халқын өнерге, білімге, еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке, өсекке, надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән - күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.