Сыныбы:3
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, көрнекілік әдісі, ойын элементтері.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1.Сабаққа психологиялық дайындық
- Амансың ба, Алтын күн!
- Амансың ба, Жер-ана!
- Амансың ба, достарым,
- Сендерді көріп қуандым!
2.Мағынаны тану:
Ой шақыру Лездеме сұрақтар:
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
-Сөз дегеніміз не?
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз не?
2. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу. Қайсысы сөйлем? Неліктен?
Білім, кітап, бұлақ.
Кітап - білім бұлағы.
Түйін: Сөйлемге тән белгілер:
Сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады;
Аяқталған ойды білдіреді;
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады;
Соңына тиісті тыныс белгісі (нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!)) қойылады.
2-жаттығу. «Адасқан сөздер» ойыны
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу:
Кітап,оқы, көп.
Сендер, білім, кітап, көмектеседі, болу.
3-жаттығу. Хайуанаттар бағына саяхат.
Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп , мәтінді көшіріп жаз.
Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген (ләйлек) қызыға қарайды. (Ләйлек) сырттай көкқұтанға ұқсатады. Бірақ (ләйлек) қауырсыны ашық болып келеді.
Түйін: Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен жалғау жалғану арқылы байланысады.
4-жаттығу. Ертегілер еліне саяхат
-Ертегі мәнерлеп оқиды, мазмұнын айтады.
-Ертегіні өз ойларынан жалғастырып айтады.
Көркем жазу.
Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.
Түйін: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылады.
Сергіту сәті.
5-жаттығу. Поэзия минуты.
-Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Нүкте не үшін қажет?
-Нүктеден басқа тағы қандай тыныс белгілерін білесің?
Түйін: Сөйлем аяқталған соң, соңына нүкте қойылады.
7-жаттығу. «Өз үйін тап» ойыны
Берілген сөйлемдерді тиісті үйге орналастырыңдар. Себебін түсіндіріңдер.
Түйін: Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте, лепті сөйлемнің соңына леп белгісі, сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.
ІІІ. Ой толғаныс:
«Қатесін тап» ойыны
Бүгін күн қандай тамаша.
Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді!
Біз жәрмеңкеге қатыстық ?
Сабақты қорытындылау:
Рефлексия Не білдік? Не үйрендік?
Бағалау «Басбармақ» әдісімен бағалау.
Үйге тапсырма:
6-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |