Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі32,73 Kb.
#16795
түріСабақ
Бекітемін:

Мектеп директоры: Аскер Н.

Ашық сабақ

Қазақ тілі


Білімдерін тиянақтау


Өткізген: Хавсемет Р.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы білімдерін тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылар, сөйлем, сөйлем түрлері, оған қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін тиянақтайды.

2. СТО стр. , деңгейлеп саралап оқыту арқылы, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделеді, оқушылардың ой өрісі дамиды, шығармашылық қабілеті артады.

3. Көрнекі құрал арқылы, қызығушылықтары артып, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылады.

Сабақтың әдісі: СТО стр. топтастыру, Венн диограммасы, еркін жазу және деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: сурет салынған плакаттар, деңгейлік тапсырмалар, трек сызбалар, үлестірмелер.

Сабақтың түрі: Жаңа әдіспен оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушылар табыс талаптарын таңдайды.

1.Қызығушылығын ояту.

Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы анықтайды. Сабақтың тақырыбы «Сөйлем туралы білімдерін тиянақтау»

Топтастыру стратегиясы арқылы сөйлем туралы білімдерін анықтаймын.


Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем


1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)




Сөйлем


2.Мағынаны тану.

Балалар мынау ненің суреті?

Дұрыс айтасыңдар, бәйтерек. Бәйтерек туралы қысқаша мағлұмат беремін.

Ендеше, бүгінгі сабақта Астананың симболы бәйтеректі атақты құрылысшылар, сәулетшілер тұрғызған болса, қазір біз осы сабақта өз біліміз арқылы бәйтеректің ірге тасын қалап тұрғызуымыз керек. Ол үшін мен сендерге үш деңгейлік тапсырма беремін. Осы тапсырмаларды мұқият орындау арқылы бәйтеректі тұрғыза аламыз. Әр деңгейді орындаған сайын ұпай алып отырасыңдар.

Дәптерлеріне ай күнді жазып, көркем жазу жазады.

І деңгейдің тапсырмасы оқулықтағы 8, 9-жаттығу, кез- келген оқушы орындай алатын тапсырмалар. 8-жаттығуда өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, өлеңде неше сөйлем бар екенін анықтау, сөйлемдер бірдей ме, әлде өзгеше ме? Сөйлем соңына тыныс белгісін қалай таңдаймыз?

9-жаттығу. Алдымен сұраулы, екінші хабарлы, сонан соң лепті сөйлемдерді көшіріп жазу. Тақтамен жұмыс жасайды.

ІІ деңгейдің тапсырмасы 10-жаттығу тақырыпты меңгерген оқушының орындай алатын тапсырма.10-жаттығуда, берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу, тиісті тыныс белгісін қою.

Үлестірмедегі тапсырмалар арқылы сұраққа жауап жазады.

Сергіту сәті: Ойын «Сенің есімің»

ІІІ деңгейде Еркін жазу стратегиясы. Сурет бойынша сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер құрастырып жазады. Бұл деңгей оқушылардың шығармашылық қабілетіне сай орындалатын тапсырма, барлығы орындауға міндетті емес.

Мінекей балалар, біз бәйтерегіміздің төбесін де орнаттық. Бәйтерек ғимаратын сендер білімдерің арқылы құрастырып шықтыңдар, сендерге он бес ұпай беріледі.


Сұраулы сөйлем

Хабарлы сөйлем
3.Ой толғаныс. Венн диограммасы


Ортақ қасиеті



Лепті сөйлем


Бағалау. Оқушыларды алға қойған мақсаттарын анықтай отырып, алған ұпайларына байланысты бағалау.

Үйге тапсырма. 12,13-жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет