Тәрбиелігі:Білімділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар? Шыбынға кім кездесті? Танысы оған не деді? Бұл шығарманың қай түріне жатады? (мысал өлеңге) Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
2.Үй тапсырмасын пысықтау:Бұл мысал кімдер жайлы деп ойлайсың?
Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ахмет Байтұрсынұлы жайлы не білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе. «... Көп күлкіден болар, көзілдірігін қолына алып, жасаураған көзін орамалмен сүртіп тұрып Ахмет балалардан:
- Мұның бәрін қайдан жаттап жүрсіңдер?» деп сұрады.
- Өзіңіз жазған оқулықтардан ...
- «Әліпбиден»
- «Тіл құралдан» ...
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. Әңгімені бөліктерге бөліп, дәптеріңе жоспар құрып жаз. (І. Балалардың Ахмет Байтұрсынұлын қарсы алуы. ІІ. Ақкөл жағасындағы кездесу. ІІІ. Ахмет Байтұрсынұлының риза болуы.) Сызбаны толтыру.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ол кім, қайда туған?
Қандай кітаптары бар?
Сен қандай шығармасын оқыдың?
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Әңгіме кім туралы айтылады? Ахмет Байтұрсынұлының сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінең қандай адам екенін байқауға бола ма ? Балалардың айтқан жұмбақтары мен жаңылтпаштары ұнады ма? Сөзжұмбақты шешу.
Ү. Қорытындылау. Өзің қандай жұмбақтар, жаңылтпаштар білесің?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.
ҮІ. Бағалау.
Күні: 25. 11. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қыстырма сөздер. 61-67- жаттығу
Мақсаты:
Білімділігі:Қыстырма сөз туралы білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу;
Дамытушылығы:сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 60-жаттығудың орындалуын тексеру, ереже сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу,сөздік диктант.
2.Оқулықпен жұмыс
61-жаттығу.
Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін екенін салыстырып, қыстырма сөздердің ойды санамалап ретімен баяндаудағы ролі туралы айту
62-жаттығу.
Берілген қыстырма сөздерді қатыстыртып сөйлем құрау.
63-жаттығу.
Қыстырма сөзі бар сөйлемге сәйкес келетін сызбаны тауып, оның дұрыс екенін дәлелдеу.
Сергіту сәті
63-жаттығу.
Сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланыпәңгіме құрап жазу.
ІҮ Жаңа білімді бекіту кезеңі :
1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрап шығу.
Ү. Үйге тапсырма 67-жаттығу
ҮІ. Бағалау.
Күні: 25 . 11. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
Мақсаты:
Білімділігі: есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылығы:есептеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,өздігінен жұмыс істеу. Көрнекілігі:қосымша тапсырма жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй жұмысын тексеру:
1. №7 (балалардың жазбаша жұмысын тексеру) Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2.Білім дағдыларын тексеру. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) ІІІ.Жаңа сабақ. №1 х+20*8=2600 40 * 6 +х = 9400
х+20=2600: 8 40 * 6 +х = 9400
х+20=325 240+х = 9400
х=325-20 х= 9400 -240
х=305 х = 9160
№2 Теңдеуді шеш және оны тексер:
12 +b = 72 :2 (х+20) : 5 = 6
12 +b = 36 (х+20) = 6*5
b = 36- 12 (х+20)= 30
b = 24 х = 30 -20
х = 10
№3. а=3см в = 3см с = х
3см +3см +х см
а=3см в = 3см с = х:4
3см +3см +х см:4
ІV. Жаңа білімдібекіту.
№4 Өрнек түрінде жаз және оқы:
а) а :80 *5
ә) 90 + с *60
б) 70 : 5+42 : х
в) (984 +324) : (а +412)
№ 5 .Есепті шығар.
Ш: 3*5 =15 (м)
Ж: 15м
№7 Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
1529 : 4=382 (қ.2) 1437 : 6239 (қ.5)
Y. Қорытындылау.
YI.Үйге тапсырма: 8,9-мысалдар 109 бет.
YIІ. Бағалау.
Күні: 27 . 11.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Шығарма. Алғашқы ұстаз.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды өз ойын жүйелі түрде әңгімелей отырып сауатты
жазуға үйрету;
Дамытушылығы:ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Мақсат қою кезеңі:
1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2) Сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Шығарма «Алғашқы ұстаз» тақырыбында оқушылар өздерінің Ыбырай Алтынсарин жөнінде алған білімдерін қорытындылау мақсатындаж өз ойларын осы шығарма арқылы баяндайды.
ІҮ Қорытындылау
Шығарма дәптерлерін жинап, сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма:
Ойтолғау «Алғашқы ұстаз» .
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 27 . 11. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:арифметикалық есеп шығару және теңдеу құру амалдарын салыстыру:
Дамытушылығы: есептеу қабілеті мен күрделі теңдеулерді шешу қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, білімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету кезеңіӘдісі: түсіндіру көрсету. Көрнекілігі:қосымша тапсырмалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді пысықтау 1-2 мысалды теңдеу құру арқылы тәсілін көрсету. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Жаңа сабақ
№1 Ауызша тапсырма
№2 Есепті шығарудың түрлі тәсілдерін қарастыр. 1-тәсіл Амалдар бойнша немесе өрнек түрінде жазу Кітап-300 теңге Дәптер-100 теңгеден 1 000 тг ? дана
1)Барлық дәптер қанша тұрады? 1000-300 = 700(теңге) 2)Неше дәптер сатып алынды: 700:100 = 7 (дәптер) Өрнек: (1 000-300):100 = 7 (дәптер) Жауабы:7 дәптер сатып алынды.
ІY.Жаңа білімді бекіту кезеңі.
Есепті теңдеу арқылы шығару қабілетін бекіту. 3 Сызбаны қарап шық және есепті шығар.
15кг 15кг15кг15кг 25кг
Х кг
Жәшікте х кг болдыделік: х-25 = 15 .4 х-25= 60 х = 85
№4Кестебойыншаөрнектердіқұрастыр. №6-тапсырмаӨзіндікжұмыс
№7 есептісыныппенбіргешығарамыз
Y.Үйтапсырмасы: № 8 Шығармашылықдеңгейгеарналғантапсырма: теңдеуарқылышығарылатынесепқұрастыру,есептішығару.
YІ. Бағалау
Күні: 27. 11. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Өзіңді өзің тексер. 1-8 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөз тіркестері туралы өтілгенді қайталап, білетіндерін тексеру.
Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар.
Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.
Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.
Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
12-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.
Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз тіркестері деген не? Қандай сөз таптырын өттік? Ережелерін еске түсіру. Мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
1-8 жаттығулар орындалады.
Сергіту сәті.
Ү. Бекіту. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
ҮІ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Сөз тіркестерін қайталап жіберейік. Мысалдар келтір.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 8-жаттығу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Күні: 28. 11. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Өзен және көл.Адам тіршілігі үшін оның маңызы және оны қорғау.
Максаты:
Білімділігі:Өзен және көл туралы түсіндіру,айырмашылығын, суды қорғау тақырыбын
ұғындыру.
Дамытушылығы:Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі:Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер,диск.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. «Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату
Дәптерлерін тексеру..
2. Білімді тексеру кезеңі:
-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?
Минералды су қайдан пайда болады?
Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?
Жер асты суының қандай пайдасы бар?
Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабалау.
Өзен және көл.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер –құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер—негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.
Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.
Өзендер-желмен жарысар,
Өршіл де асау ағыстар.
Өзенді ластап,лайласаң,
Өзіңе дерт боп жабысар.
Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий—көлдердің ең үлкені.
Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі іріі көл—Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.
Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.
Ластанған су деп қандай суды айтамыз?
(оқушы пікірін тыңдау) Суды қорғау жайында түсінік беру.
Бір адам тәулігіне 700 литр су жұмсайды екен,Біз пайдаланған су ластанған су деп аталады. Көлден жылына 1метр су қабаты буланады екен.
Арал мен Балқаш көлдері туралы суреттер көрсетіп, олардың тартылып кету себебін түсіндіру. Болашақ ұрпақ осы көлдерді сақтап қалу үшін күрес жүргізуі керек.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін, ауа райын жазу.
Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
-Қандай көл суын ішуге болады?
-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?
- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?
Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?
V. Қорытындылау
Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі:61,62- беттерді оқу,мазмұны..Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.
VIІ.Бағалау.
Күні: 28. 11. 15
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы:Таспадан «раушан гүлін» жасау. "
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға таспадан раушан гүлін жасау жолдарын үйрету.
Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.
Тәрбиелігі:Ептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: таспадан жасалған раушан гүлі.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Жаңа сабақ.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Раушан гүлін жасауға әр түрлі материалдарды пайдалануға болады. Гүлдің көзге тартымды көрінуі материалға байланысты және оны орындау тәсілі қарапайым болып келеді. ә) Практикалық жұмыс.
Техника қауіпсіздігін сақтау.
Раушан гүлін жасау үшін ұзындығы 60 -70 см, ені 3-4 см жібек таспаны аламыз. Таспаның қыртыстарын үтіктеп, оны бір шетінен екі-үш рет орап шиыршықтаймыз. Шиыршықталған бөлік гүлдің орталық өзегі болады. Оралған таспаның төменгі жиегін қысып ұстап, ине-жіппен бір-екі шалып тігіп бекітеміз. Таспаның қалған бөлігін шиыршықтап, гүлдің күлтелерін жасаймыз. Таспаны ораған сайын төменгі жиегін ине-жіппен тігіп, бекітіп отыру қажет. Ширатылған таспаның жоғарғы жиектерін сыртқа қарай шалқайта бүктегенде, раушан гүлі ашылып келе жатқандай әсер қалдырады. Гүл композициясын толықтыру үшін оның жапырақтарын дайындаймыз. Ұзындығы 8 см, ені 4 см жасыл түсті матадан таспа жасаймыз. Таспаның теріс бетін ішке қаратып қойып, жоғарғы екі жақ шетін бүктейміз. Сонда үшбұрышты пішін пайда болады. Үшбұрыштың төменгі екі ұшын бір-біріне айқастырып, инемен іліп тартамыз. Астыңғы жағы жиырылып, сүйір жапырақ болып шығады. Дайын болған бірнеше жапырақтармен гүлді әсемдейміз. Раушан гүлін кенеп тартылған жақтауға бекітіп, іліп қоямыз.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
ІV. Қорытындылау.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендік?
Раушан гүлінің орталық өзегін қалай жасайды? Раушан гүлінен басқа қандай гүлдерді жасай білесіңдер?
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып бағалау
Күні: 30. 11. 15
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену.
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға кесте туралы түсінік беру, кестенің түрлерімен таныстыра отырып, айқас кестесін тігуді үйрету.
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.
Тәрбиелігі:Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: кестеленген әр түрлі бұйымдар. Қажетті материалдар мен құралдар: селдір мата, мулине жібі, ине.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңа сабақ.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Айқас тігіс кестесі – орындалуы қарапайым әрі ең көп тараған кесте түрі. Оны селдір матаға түсірген дұрыс. Бұл кестені үйрену үшін тор көз дәптерге сатынған суретті пайдаланамыз. Содан кейін кесте жіптерінің түсін таңдаймыз.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей оқыту
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Бірінші қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығамыз. Ине ұшын қиғаштап, төмен қарай бағыттап ұстаймыз.
2. Одан кейін оңнан солға қарай кері бағытта қайталаймыз. Ине ұшын төменнен жоғарыға қарай ұстаймыз.
3. Келесі қатардың тігісін жүргізу үшін инені төмен қарай бұрамыз.
4. Кестелеуді осы реттілікпен жалғастырып, өзімізге керекті өлшемге дейін толтырамыз.
5. Соңғы төменгі қатарды толтырған соң, жоғарғы тігісті оңнан солға қарай айқастырып орындаймыз.Техника қауіпсіздігін сақтау.
ІV.Қорытындылау.
Кесте тігу ұнады ма?
Кестелеуге қажетті жіптің түстерін қалай таңдаймыз?
Кестелеуге неліктен селдір мата пайдаланамыз?
V.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
Күні: 30 . 11.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі.Міржақып Дулатов.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты
шығармасынан үзіндімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене,
үзіндідегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Дамытушылығы:Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,
байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелігі:Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі:аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгіме кім туралы айтылады? Ахмет Байтұрсынұлының сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма ? Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді? Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды?
2. Үй тапсырмасын пысықтау: сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білетін болдық?
Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
-Балалар, сендердің аналарың қалай жақсы көреді? Ал, сендер ше?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе. Өз анаң туралы не айтар едің? Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей жалғастырып оқу. Өлеңде ананың баласына деген қамқорлығы айтылған тұстарды тауып оқы. Сөздік жұмыс. Көз жасын көлдету – қатты жылау.
Сергіту сәті.
ІV.Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Міржақып Дулатовтың жоғарыдағы сөзі қай өлеңінен алынған?
Өлең сұрақ-жауап үлгісінде жазылғанына назар аудар.
Ана баласын қалай сүйеді?
Ана неге көз жасымен бетін жуады деп ойлайсың? Ана неге қуанады?
Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Қандай ана туралы өлең, тақпақтар білесің? Оларды кімдер жазады?
ҮІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, тапсырманы орындау.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 30. 11. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:арифметикалық есеп шығару және теңдеу құру амалдарын салыстыру:
Дамытушылығы: есептеу қабілеті мен күрделі теңдеулерді шешу қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, білімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету кезеңіӘдісі: түсіндіру көрсету. Көрнекілігі:қосымша тапсырмалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді пысықтау 5-мысалды теңдеу құру арқылы тәсілін көрсету. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Жаңа сабақ
№1.Өрнек түрінде жазу.
а= хсм в =7см
Р= (хсм +7см) *2
Р:2 = хсм +7см
№2 а)Есепті шығар.
Ш: 28- 6=22
Ж:қарындасы 22жаста
б) Теңдеу құру арқылы шығар
х +6 = 28
х = 28 - 6
х = 22
22 +6 = 28
28 = 28
Достарыңызбен бөлісу: |