Пайдаланылған әдебиет:
1. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы. Рауан. 1996 ж. (92-99 беттер аралығы)
2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Алматы: 1989
3. Жандыбаев Ғ. Сөй мәйегі. Алматы: 1998
4. Типтік оқу бағдарламалары ІІІ бөлім.Абай атындағы ҚҰПУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасы. Алматы: 2003
5. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: 1993
6. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992
№8 практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнаудың түрлері
1.Сабақтың жоспары:
«Естірту».
«Көңіл айту».
«Бата беру» рәсімі.
«Жұбату».
2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге қазақтың салт-дәстүрін, тұспалдап сөйлеудің жұмбақтап сөйлеудің мәнін түсіндіру.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Естірту. Көңіл айту
Қазақтың ертедегі салт бойынша түзде жүріп өлген адамды отбасы мүшелеріне жақын туыстарына естіртуші адам айтатын сөзін естірткелі отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап ишарат пен өлеңмен кейде әр түрлі салыстырушылармен хабарлаған. Естірту көңіл айту, жұбату өлеңдері тақпақ жыр түрінде де келеді. Шешендік сөз арқылы көңіл айту көңілі қаралы, жүрегі жаралы жандарды жақсы лебіз жанашырлық сөзбен көңілін ширатып, көзінің жасын тияды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтеді. Қаза ортақ, қайғы кезек, өлім хақ екенін естіртіп жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін тіле дейді.
Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевтың баласы Алғадай қайтыс болғанда айтқан көңіл айтуы:
Ақ сұңқар ұшты ұядан
Қол жетпейтін қиядан
Қанаты бүтін сұңқар жоқ
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
Топырағы торқа болсын
Қалғанға өмір берсін
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ.
Өлгенге қайтып келмек жоқ- деп не кетпесті қума, келмеске жылама деген жұбату айтады. Кейін ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған. Ер азаматтың ерлігін шын сүю, адамгершілік ұлы қасіретін қастерлеу, халыққа мағлұмат ету, сол арқылы оның өнегелі істерін ортаға ағайын туысқан, аға-ініге бауырлар мен балаларға, ел жұртқа үлгі өнеге етіп ұсынудың тәрбиелік мәні де зор.
Достарыңызбен бөлісу: |