Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет32/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Төртінші сөз
Әрбір байқаған адам білсе керек. Күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек, осындай ғафилдік көп өткізіп елемеген кісінің не дүниеде, не ақыретте, басы бір ауырмай қалмаса керек. Әр бір уайым қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына не ақырет шаруасына өзгеден жинақырық болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек. Енді олай болғанда үнемі уайым қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жан шыдайма екен? Жоқ, мен үнемі уайым - қайғыменен бол демеймін. Уайым – қайғысыздығына уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым қайғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек, һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзіде уайым қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым қайғының ішіне кіріп алып қамалып, қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсе оған рақаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей уақытымен тоқтатады.
Көп күлкінің бәрінде мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау. Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет аузын түзеп бай-бай күлкінің әнін сәндеп әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып есіл өмірді ескерусіз босқа жарамсыз қылықпен қор еткізіп өткізеді де таусылған күніңде бір күндік өмірде бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет