Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет31/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Екінші сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке – үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп.
Ноғайды көрсе, оны да боқтап, күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, «башалшік» ноғай деп.
Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» - деп.Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай – ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. өзімен өзі әуре болып бірі мен бірі ешбір жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда, қазақтың өлісінің ақыреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдаларда, ептілік, қырмызылық сыпайылық – бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат әсем де соларда. Оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз.
Оның бәрі бірін бірі қуып, қор болмай шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет