(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым. 1. Оқулықтың 86-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (жұмбақ) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайды: Біздің жақта екі көл бар. Біреуінің суы ащы. Сондықтан оны «ащы көл» деп атайды. Екіншісінің суы тұщы. Оны «тұщы көл» деп атайды.
Қолпаштау
Оқушыларға қолдау көрсету.
Оқулық
(МК, Ө) Жазылым Оқулықтағы «щ» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Щ» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Щ» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «щ» әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Оқулықта жазуға берілген тапсырманы дәптерге қатесіз көшіріп жазады.
Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».