Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедерінде Жазықтар басым.
Таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр.
Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан.Платформаның Солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып,төмен түскен.Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы,Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты.
Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан,мұнда ойпаттар тараған.
Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабродор түбегінде жер бетіне шығып жатыр.
Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады.Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән .Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып,қалың шөгінді жыныстармен жабылған орталық жазыққа ,одан Миссисипи ойпаты мен Мексика –шығанағының жағалау жазықтарына ұласады.
Солтүстік Америка ең биік нүктесі Мак Кинли 6193 м
Достарыңызбен бөлісу: |