Сабақтың тақырыбы Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі249,19 Kb.
#14911
түріСабақ
  1   2

Сабақ жүргізген мұғалімнің

аты-жөні, сыныбы, мектебі

Малгаждарова Нурзия Султановна

7-сынып

Оқушының

саны -11


СҚО

Айыртау ауданы

Казанка селосы

Казанка орта мектебі

Сабақтың тақырыбы

Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар



Сілтеме

С. Әбілмәжінова, Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, Б.Асубаев, С.Көбенқұлова 7-сынып оқулығы, электронды оқулық, слайд, сабақ жоспары, Венн диаграммасы, бағалау парағы

Жалпы мақсаты

Оқушыларды солтүстік жарты шар материктерінің табиғатындағы ұқсастықтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

Міндеттер:


  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмысты жандандыруға, өз пікірін ашық айтуға шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  • Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға ондағы жердің бетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, еңбекке, ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.




Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. СТО арқылы проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу


Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін-өзі бағалау, топтастарын бағалау мүмкіндіктерін жасау


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

3.

Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту

18-20

4.

Жаңа сабақты қорыту

5-6

5.

Үйге тапсырма беру

1-2



мұғалімдер немен айналысады

оқушылар немен айналысады

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.


Кезекшінің есебі

Ауа райының болжамын айтып, кесте толтырады



ІІ. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

Оқушылардың жалпы географиядан сұрақтар арқылы қызығушылықтарын оятып, ойларын қозғап, жаңа сабақтың тақырыбымен байланыстыру.



СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының

іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы неде?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


Жалпы географиядан сұрақтарға жауап береді:

Е. Ең үлкен құрлық ...................................................

У. Ең биік шың ...........................................................

Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен).......................

А. Ең үлкен көл ............................................................

З. Ең тұзды теңіз.........................................................

И. Ең терең көл ............................................................

Я. Ең жауын - шашын көп түсетін аймақ ...............

Жердің іші неше қабаттан тұрады?

Күнге ең жақын орналасқан планета.

Ең ұзын өзен.

Жер шарында неше нәсіл бар?

Екі жарты шарға бөліп тұрған сызық.

Экватордың ұзындығы.

Жер бетінде неше материк, мұхит бар?



Солтүстік жарты шарда неше материк орналасқан? Атап, физикалық картадан көрсетіп, кескін картаға түсіру.

Электронды оқулыққа сүйене отырып, тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған жолдарын табу.




ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

(электронды оқулық арқылы )

Жер шарында құрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін белгілі. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық – олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бұл материктерде солтүстік жарты шарға тән табиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де Батыстан шығысқа қарай кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.



Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде аиырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оң түстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.

Екі материктердің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа құрайды, ал Еуразия материгі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығы әр түрлі жас жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді.

Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларға ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15мың жыл бұрын ғана аяқталған материктіакмұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.

Екі материкте де мұз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған.

Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұқсастығына негіз болды. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас. Сондықтан мұндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі онша айырмашылық жасамайды.


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?



-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І V. Жаңа сабақты бекіту: (ВЕНН диаграммасын топтағы оқушылар толтырады. Қай топ тез және дұрыс орындайды)

Ұқсас белгілері



Айырмашылықтары

Еуразия

Солтүстік Америка

Географиялық орны

1. Еуразия және Солтүстік Америка материгі Лавразия материгінің итқұрамында болған

2. Екі материк те солтүстік жарты шарда орналасқан.

Ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр. Оңтүстігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған.

Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірлніп, Оңтүстік Америкамен жалғасады. Солтүстігі солтүстік полюске қарай ығысы орналасқан.

Жер бедері

1. Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр.

2. жазықтар солтүстік бөліктерінде орналасқан.

3. Таулар материктердің шеткі бөліктерінде орналасқан.

1. Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқан.

1. Кордильера тау жүйесі материктің батысында бойлық бағытта орналасқан.

Мұз басулар

1. Мұз басулар әсерінен материктердің солтүстігінде жазықтар қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған

2. Фьордты жағалаулар кең тараған

3. Мұздың қазу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан.

Еуразияда мұз басқан аудан онша үлкен емес

Материктегі мұз басқан аудандардың аумағы өте үлкен. 40ºс.е. жеткен.

Климаты мен табиғат зоналары

1. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас.

1. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдары мен түбектері экваторлық белдеу алып жатыр

2. Жолбарыс, қарақұйрық, ақбөкендер тіршілік етеді

1. Материкте экваторлық климаттық белдеу кездеспейді

2. Секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ өсімдіктері кездеседі.



Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру




V. Ой қорытынды (Солтүстік жарты шар материктер табиғатындағы ұқсастық пен айырмашылықтары туралы)












VІ.Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау



Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы







1













2













3













4















-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

-өз пікірлерін дәлелдеумен аяқтауды жоспарладым.

Үйге тапсырма:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет