Сабақтың тақырыбы: Сөз бедері және стиль туралы



Дата07.02.2020
өлшемі15,31 Kb.
#57395
түріСабақ
Байланысты:
сөз бедері

МКҚК Талғар политехникалық колледжі

Талғар политехникалық

колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бейсембаева Е.Қ._________

тобы

күні

16

06.02.2020







Сабақтың тақырыбы: Сөз бедері және стиль туралы

Мақсаты: а) білім алушыларға тілдегі сөз тіркестері мен сөйлемді дұрыс қолдану жолдары жайлы түсінік беру; Сөз тазалығын сақтауға үйрету; ә) ойлы ұшқырлығына, нақтылыққа, сөз қорын жинақтауға, тіл мәдениетіне баулу;

б) тақырып төңірегінде ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру: Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: талдау, баяндау, салыстыру Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:



1. «Шаттық шеңбері» «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша тілек айту

ә) Тірек сөздер арқылы топқа бөлу.

(Білім алушылардың топ аты жазылған қиындылар арқылы өз тобын тауып бөлінеді) 


1.«Асыл сөз» тобы 
2.«Сөз маржаны» тобы 
3.«Сөз өнері» тобы 

Үй тапсырмасын сұрау: «Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындайды. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы өз ойларымен бөліседі.)

Тілдік норма және тілдік жүйе дегеніміз не? Оралман деп кімдерді атайды?Қазақ тілінде айтылуы бөлек, жазылуы бірдей сөздерді қалай атаймыз? .

Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру : 128-тапсырма

Ой қозғау: Мына сөздердің қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар? Бота – түйенің баласы; Атқа тұсау салды – аттың аяғына арқан орады; Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің бәріне бірдей қажетті сапа.Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда,бұлардың ішінде зерттеушілердің алдымен ауызға алатыны ғылыми стиль,іс-қағаздар стилі.Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де қатысты.

Өзара әңгімеде айтылатын сөз қолданыстары

Университетті қызыл дипломмен бітірді . Емтиханнан бес алды. Емтиханнан құлап қалды.

Жаңа сабақ: Сөз бедері және стиль туралы

Сөйлеу тіліндегі осындай қолданыстың бірін дәл,бірін дәл емес деген тәрізді қатаң талап қойылмайды.Ал ресми қолданыста(өтініш,өмірбаян,түсінік хат,т.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды.Оқуды қызыл дипломмен бітірді, бес алды,құлап қалды тәрізділер ресми тіл стандартына тән емес, бірақ сөйлеу тіліндегі мұндай еркіндіктің өз жарасымы бар. Немесе бетпе-бет сөйлесуде белгілі бір оқу орындарының, мекеме, кәсіпорын атауларын құжаттағыдай толық айтып жатудың орнына университетке бардым, мектептен келдім, директорда болдым деп ықшамдап айту да орынды деп есептеледі. Тілде толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар.Әдеби тілдің функционалдық арналарының кейбірінде олар белгілі бір мақсатқа байланысты депутат\\ халық қалаулысы, Президнт\\ Елбасы дегендер жарыса қолданылып та жатады.Ресми қолданыста олай емес,синонимдер мен вариант сөздердің бірде анауын, бірде мынауын жұмсау тым шектеулі болады: депутат,Президент тәрізді бейтарап нұсқасы қолданылады. Сұрақтар мен тапсырмалар:

129- тапсырма:Сөз тіркесі , фразеологизм, күрделі сөз дегенге үш – үштен мысал келтіріңіз. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыз. Айтушы ақылды болса, ... дана болады. Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді, ... ... айтқан сөзді құйып алады.Айта білмес ..., тыңдай білген құлақ артық. Аталы сөзге ... жауап қайырады.Білімдіден шыққан сөз ... болсын кез. ... ... аз сөйлеп, көп тыңдайды.Жылқы жақсысы аз оттап, көп жусайды. 130- тапсырма.Мәтінді оқып, кейіпкердің сөйлеу тіліне талдау жасаңыз.Құрметтеу, сыйлау мағынасында айтылған туыстық атауларды рең мәніне қарай қолдануды сөз сапасы, сөз дәлдігі тақырыптарымен байланыстыра айтыңыз.

Мақал- мәтел сайысы: Білім алушылар жұптаса отырып, мақал айтудан жарысады.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмалар: ойды мазмұнды жеткізуге қандай нәрселер кедергі болады?

Рефлексия : Стикер толтыру ( Білемін, білдім, білгім келеді)

Үйге: Сөз дәлдігінің стильдермен байланысы ( Оқу, талдау),Абайдың бір өлеңін алып, талдау жасап келу:



Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет