Сабақтың тақырыбы:Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің әр түрлі мағынасымен таныстыру, сөздерді мағынасына қарай сойлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету
Дамытушылық- ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелік-сөздердің табиғатын түсіне отырып,орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді игеру
Сабақ түрлі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау,жинақтау
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Көрнекіліктер:кеспе қағаздар,сызбалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу түгендеу
Б) психологиялық дайындық
(оқушыларды іс-әрекет жасау арқылы сабаққа зейінін аудару)
II.Үй жұмысын пысықтау
Үйге берілген антоним,омоним, синоним сөздеріне мысал келтіру
Антоним:жақсы, ақ,түзу,тәтті
Синоним:ажарлы,еріну
Омоним:ара,тақ,кеш
Мүмкін, ол, бәйтерек,шығар,әйтеуір,
Бай,әлде,терек,шығар,мен
Тарихқа,Қарағаш,үшін,еді
Лексикалық мағынасы жоқ сөздер
|
Лексикалық мағынасы бар сөздер
|
Мәтін ішінен өзің қажет деп білген немесе сен үшін маңызды бір сөзді
жаз
|
|
|
|
|
Бұл кестеде сөздер шашыратып берілген оқушылар ойланып,сөздерді ретімен қою керек. Сөйлем шыққан соң астындағы берілген тапсырманы орындайды. Мүмкін ол бәйтерек шығар,әлде тарихқа бай терек шығар,әйтеуір мен үшін қарағаш еді.
III.Жаңа сабақ
- Ал,балалар,сөйлем шығару үшін қандай қасиетке қарадыңдар?
- Мағына
- Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
Жаңа сабақтың тақырыбы сөз бен мағына
Сөз (слова,word)-зат пен құбылыстың атын,түр-түсін,сапалық белгісін.амалын,қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрлымдық бірлік.Сөзді құраушы бірлік-дыбыс,ал мағына сөздің ішкі мәні мазмұны.
Мағына-сөздердің ұғыммен байланысты мәні мазмұны.Мысалы,"Мына сиыр сүтті ақ екен"деген сөйлемдегі "ақ" шылауында күшейту мағынасы бар да,"Сен ауылға бардың ба?"сөйлеміндегі "ба"шылауы сұраулық мағына бар.Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді.
Кітаппен жұмыс
1-қатар 29-жаттығу.Мәтіндегі мағынасы толық емес сөздерді теріп жазыңдар.
2-қатар 30-жаттығу.(лесикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазу)
3-қатар 30-жаттығу.(лесикалық толық мағынасы жоқ сөздерді теріп жазу)
Деңгейлік тапсырма
31-жаттығу. Жазба,саналы,мейірім,келіншек,достық
I Деңгей
Берілген сөздерден әріптердің орны ауыстырып мағынасы бар сөздер құраңдар.
Үлгі;жазба-жаз,бажа.аз,т.б
I I Деңгей
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар
I I I Деңгей
Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Сергіту сәті
Нұрғиса Тілендиевтің " Отырар" күйін тыңдату
Сабақты бекіту.
" ҚАЗАҚСТАН"-сөзіндегі әріптерге сұрақтар қоямын,оқушылар кезек шығып жауап береді.
Қ-мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды
А-қарама-қарасы сөздерді антоним дейді
З-жақсы-жаман синоним сөздер
А-"үшін"шылауының мағынасы бар
Қ-"Арман"сөзі лексикалық мағынасынан айырылған
С-"Лексика" деген термин "сөздердің жиынтығы"деген мағынаны білдіреді.
Т-"Лексика"-араб тілінен еген
А-мағына-сөздің ішкі мазмұны
Н-"қызыл,жасыл,сары"-сан есім,бағдаршам түстері
Сұраққа жауап берген оқушылар тақтаға шығып,қосымша құралдармен шығармашылық жұмыс жасайды.
Орнында отырған оқушыларға әріптер беріледі сол әріптерден мағынасы бар сөздер құрайды.
.Уйге тапсырма:1)33-жаттығу
2) кеспе қағазындағы таңдаған сөздеріңе шағын мәтін құрап келу.
.Бағалау:оқушыларды түрлі жетондармен бағалау.
Қызыл-өте жақсы
Жасыл-жақсы
Сары-қанағаттанарлық
Достарыңызбен бөлісу: |