Сабақтың тақырыбы: Сөз қысқалығы мен нұсқалығы Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі43,5 Kb.
#47636
түріСабақ
Сабақ жоспары


Күні

Тобы



















Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз қысқалығы мен нұсқалығы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, сөздік қорын молайту;

  2. Ана тілімізді шұбарламай, мәдениетті сөйлеуге, түйінді ой айтуға, жеке пікірін білдіруге, халық даналығынан нәр алуға үйрету;

  3. Ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, жаттығу жұмысы, ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд материалдары.

Пайдаланылған әдебиет: «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинақтары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау.

- Сөз тазалығы деген ұғымды қалай түсіндіңдер?

- Тіліміздің тазалығы не үшін қажет?

- Тіл тазалығының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?

3. Жаңа сабақ.

1. Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Сөз қысқалығы мен нұсқалығы

2. Мақсатын ашу

Аз сөзбен көп мағына беру- сөз мәдениетіне қойылар талаптың бірі. Олай болса сөйлемді болып келеді, болып табылады тіркесіне аяқтағаннан гөрі есім баяндауышқа аяқтау тиімді көрінеді. Мұндай қасиет мақал- мәтелдерден байқалады (мақал-мәтелдерден мысалдар келтіре отырып түсіндіру). Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік емес, шеберлік аз сөзге көп мағына сыйғыза білуде. Бұл орайда Француз ғалымы, философы Блез Паскальдың «Провинция тұрғынына хат» шығармасында «Қысқа жазуға уақытым болмағандықтан, ұзақ етіп жазуға мәжбүр болып отырмын» деген екен. Белгілі бір ойды ойсыратпай жеткізу үшін, аз сөзбен көп мағына білдіруге аз уақыт кетпейтінін айтып отыр. Сонымен сөйлеу тіліндегі, «қызметсіз» сөздерді арылтып ойды ұтымды жеткізу сөздің қысқалығы мен нұсқалығы деген сапаны аңғартады. 

І. Қызығушылықты ояту.

«Бір сөзбен ата». Слайдта берілген тұрақты тіркестердің синонимдерін табады. Қыздың жиған жүгіндей. Әсем Ер мойнында қыл арқан шірімес. Уәде Ит арқасы қиянда. Алыс Тайға таңба басқандай. Анық Тонның ішкі бауындай. Тату Бармағын тістеді. Өкінді Бетінен оты шықты. Ұялды Қой аузынан шөп алмас. Момын Құлаққа ұрған танадай Тыныштық 

Жаттығу жұмысы.

122-тапсырма. Ұлы ойшылдың даналық сөздерін көшіріп жазу (Абайдың 37- қарасөзі). Оқушылар кезектесіп шығып, Абай туралы не білетіндерін топтастырады 

123-тапсырма. Тұрақты тіркестерді қолдану арқылы ойды қысқа, сапалы, әсерлі етіп жеткізуге бола ма? Тұрақты тіркес туралы білетіндерін еске түсіре отырып, жауап беру. Тапсырма орындау арқылы дәлелдеу. Үлгі : Байлық- қолға ұстаған мұз. 2. Мақал- мәтелдердің жалғасын тауып жаз. Әкеге қарап ұл өсер, (…... ....... ....... ... ...... .) Досы көпті жау алмайды, (...... ..... ..... ........ .) Інісі бардың тынысы бар, (..... ..... ...... ....... .) Тауды, тасты жел бұзар , (....... ...... ..... .) Білегі күшті бірді жығады, (...... ..... ...... ....... .) Ағайынның аты озғанша, (.......... ....... .... .) Кісі елінде сұлтан болғанша, (...... ....... ...... ...... .) Ер жігіт елі үшін туады, (..... ..... ..... .) Ауруда шаншу жаман, (..... ..... ..... .) Өз білмегеніңді кісіден сұра, (..... ...... ....... ....... .) 3. Семантикалық карталар 
Берілген сөздердің тұрақты сөз тіркестерін тап
Алдау Жайбарақат Жоқ қылу Жәбірлеу Әділ Менменсу Хабарласпау Жоғалу Оқыған 
1 Қара қылды қақ жару 
2 Мұрнын көкке көтеру 
3 Құмға сіңген судай 
4 Мұзға отырғызу 
5 Күлін көкке ұшыру 
6 Ұзын арқан кең тұсау 
7 Тісін батыру 
8 Көзі ашық 
9 Ат ізін салмау 

4. Сабақты бекіту

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинағынан үзінділер оқытып, тұрақты тіркес немесе мақал-мәтелмен тақырыбын ашу.

А) Жомарттың қолын жоқтық байлайды.

Ә) Берместің асы піспес.

5. Қорытындылау.

«Адами қасиеттер» тақырыбында шағын ой толғау жазады. Қонақжайлық қазаққа тән қасиет пе?
Үйге тапсырма:

Газет- журналдардан қысқа-нұсқа жазылған мақалаларды сұрыптап, түйінді пікірлерді жинақтау.

Бағалау. 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет