Сарсенова Гулбану Турарбековна, Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі. Иқан жалпы орта мектебі.
Қалалық Білім бөлімі
Түркістан қаласы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдарын түсіндіру арқылы білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Алған білімдерін толықтыру, тиянақтау, дамыту, болашақ мамандыққа икемдеу.
Тәрбиелік: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдарының өмірде алатын орнының зор екендігін ұғындыра отырып, ой қорыта білуге, оны жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: кеспе қағаздар, суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, электронды оқулық, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сынып тазалығын сақтау
Өткен сабақ:
Мәтінмен жұмыс. « Бақыт туралы жыр»
Өлеңді мәнерлеп жаттап келу.
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты ереже арқылы түсіндіру.
Тыңдаушыға ойды жүйелі, нақты жеткізу барысында сөйлеушінің ішкі сезімдерінің ым-ишара, бет-бейне құбылыстары мен дене қимылдары арқылы орынды берілуі сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары болып табылады.Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемнің мазмұнына сәйкес әр түрлі қол қимылдарын – қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор.Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары – бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммунативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.қосалқы құралдары – бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммунативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.
Вербалды Бейвербалды
Оқушыларды екі топқа бөлу. Қоржынға екі түрлі тәтті саламын да, сол арқылы екі топқа бөлемін. Сурет арқылы екі топқа ат қою: Вербалды, Бейвербалды.
Достарыңызбен бөлісу: |