Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі0,85 Mb.
#23471
түріСабақ
  1   2
Сарсенова Гулбану Турарбековна, Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі. Иқан жалпы орта мектебі.

Қалалық Білім бөлімі

Түркістан қаласы. ОҚО


Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдарын түсіндіру арқылы білімдерін көтеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін толықтыру, тиянақтау, дамыту, болашақ мамандыққа икемдеу.

Тәрбиелік: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдарының өмірде алатын орнының зор екендігін ұғындыра отырып, ой қорыта білуге, оны жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кеспе қағаздар, суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, электронды оқулық, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Сынып тазалығын сақтау

Өткен сабақ:

Мәтінмен жұмыс. « Бақыт туралы жыр»

Өлеңді мәнерлеп жаттап келу.

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты ереже арқылы түсіндіру.

Тыңдаушыға ойды жүйелі, нақты жеткізу барысында сөйлеушінің ішкі сезімдерінің ым-ишара, бет-бейне құбылыстары мен дене қимылдары арқылы орынды берілуі сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары болып табылады.Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемнің мазмұнына сәйкес әр түрлі қол қимылдарын – қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор.Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары – бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммунативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.қосалқы құралдары – бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммунативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.­



Вербалды Бейвербалды

Оқушыларды екі топқа бөлу. Қоржынға екі түрлі тәтті саламын да, сол арқылы екі топқа бөлемін. Сурет арқылы екі топқа ат қою: Вербалды, Бейвербалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет