3.1.1.1 (МК; Ұ; ) Мәтінді оқу. Негізгі ойды анықтау.
16-жаттығу. Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді түсініп оқиды. Мәтін кім туралы болғанын дәлелдеп, негізгі ойды анықтайды.
(МК; Ж) Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу. Оқушылардың жұптық жұмысы ұйымдастырылады. А. Байтұрсынұлы қандай оқу құралдарын жазды? Олар қандай оқулықтар? сұрақтарын жұбымен талқылап, өз ойларымен бөліседі. Жасаған ой қорытындыларын топта жариялайды. Қажет болған жағдайда мұғалім толықтырып, түзетулер енгізеді.
3.4.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Етістіктерді тауып, ажырату. Туынды етістіктері бар сөзйлемдерді теріп жазу. Қатені табу және түзету білігін бағалау.
Мәтіннен етістіктерді табады. Оларды негізгі, туынды етістікке ажыратады.
Туынды етістіктері 164 бар сөйлемдерді теріп жазады. Олардың қай сөз табына қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалғанын табады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
|