3.3.5.1 (МК; Ө) Батаны жаттап, жатқа жазу. 38-жаттығу. Оқушыларға батаны жаттатып, жатқа жазғызылады.
Батаны жатқа жазу реті:
1. Тақтаға батаны жазып қою.
2. Батаны оқу үлгісін көрсету.
3. Батаның тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Батаны жаттау (3-4 минут).
5. Жазған батаны тексеру.
(Ж; Қ) Қатені табу және түзету.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.
3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Сөздікпен жұмыс.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздіктен қарап анықтайды.