Пәнаралық байланыс:
|
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі
|
Бастапқы білім:
|
Болымды және болымсыз етістік. 24-27 жаттығу
|
Сабақ барысы
|
жоспарлан
ған кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
(Ұ) Психологиялық ахуал.
– Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен
махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
(Ұ) «Сыңарын тап» ойыны.
Терең–таяз, ыстық–суық, адал–арам, жұмсақ–
қатты, жуан–жіңішке т.с.с.
Осы сөздермен сөйлем құрастыруға болады.
|
айтылым
айтылым
«сыңарын тап» ойыны
|
Сабақтың ортасы
35 минут
|
3.2.3.1 (МК; Т) Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру.
32-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнің авторын анықтап, өлеңнің жалғасын айтады. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, түсіндіреді. Өлең неліктен «Ғылым таппай мақтанба» деп аталған? сұрағына жауап беріп, өз ойын білдіреді.
3. 4.2.5 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді көшіріп жазып, болымсыз етістіктерді табу.
Өлеңді көшіріп жазады. Болымсыз етістіктерді тауып, астын сызады.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
3.3.4.1 (МК; Ө; Т; Қ) Сызба бойынша сипаттау мәтінін құрастырып жазу. Өзін-өзі тексеру.
33-жаттығу. Сызба бойынша сипаттау мәтінін құрастырып жазады.
Мұғалім сипаттау мәтінін талдауды «Бағытталған жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 5–10
минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз
орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Жазба жұмысы тексеріледі.
|
оқылым
оқулық
айтылым
жазылым
жазылым
|
1 минут
|
Сергіту сәті
|
|
|
3. 1.1.1 (Ө; Ж; Қ) Мақалды жаттау. Мағынасын бір-біріне түсіндіру. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс қолдану.
34-жаттығу. Мақалды жаттап, жатқа айтады. Мақалдың мағынасын бір-біріне түсіндіруіне, сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс
қолдануына басшылық жасалады.
|
айтылым
жұптық жұмыс
|
Сабақтың соңы
1 минут
|
(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.
|
Кері байланыс
|
1 минут
|
Үйге тапсырма: 35-жаттығу 56 – бет (бағыт – бағдар беру)
|
Күнделік
|
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау:
болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды.
Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|