Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі. Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі103,04 Kb.
#20803
түріСабақ
БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. 7сынып .

Мұғалім: Калиева Толқын Райхановна
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: сөз тіркесіне байланысты оқушылардың білімдерін тиянақтап,нығайту.Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық дәстүрлерді бағалай білуге,халқын,салтын сүюге шақыру.Өз заманымыздың озық ойлы,кең өрісті,

мәдениетті азаматын тәрбиелеу.



3. Дамытушылық: сөйлеу тілдерін қалыптастырып,топпен жұмыс жүргізулерін,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,түрлі әдістер арқылы шығармашылық біліктіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: бекіту сабақ .

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойынмен өрілген топтық жұмыс,

шығармашылық жұмыс.



Пәнаралық байланыс: музыка,халықтық педагогика.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта,үлестірмелі парақшалар,

суреттер,мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілі -өз тілім –ана тілім,

Салт – дәстүрді жеткізген баба тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

а)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



ә)Бағалау жуйесімен таныстыру.

ІІ. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру:


Бойжазар


І.Бәйге кезеңі: Ой қозғау (сұраққа жауап алу).Шарты: белгілі уақыт ішінде

қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек.



Ой қозғау сұрақтары:

1.Синтаксйс нені зерттейді?

2.Сөз тіркесі дегеніміз не?

3.Еркін тіркес деген не? Мысалмен дәлелдеңдер.

4.Тұрақты тіркес дегеніміз не?

5.Күрделі сөздер сөз тіркесі бола ма?

6.Есімді тіркес дегеніміз не?

7.Етістікті тіркес дегеніміз не?

8.Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді?

9.Сөз тіркесі болу үшін неше сөз байланысқа түседі?

10.Сөздердің байланысу түрлерін атаңдар.

11.Қиысу.

12.Матасу.

13.Меңгеру.

14.Қабысу.

15.Жанасу.



ІІ.Бойжазар кезеңі:
Сайысымыздың бұл сатысында оқушылар грамматика әлеміне шолу жасайды.Тақтамен жұмыс жүргізіледі.Шарты:берілген кестеге сөз тіркестерін жазып,өз сыңарларымен жұптасу (бірдей жіптерді байлау).


I топ

II топ

III топ

Ойлан”

Тап”

Ізден”

1. Зат есім+зат есім



1. Есімдік+зат есім

1. Үстеу+етістік

2. Сын есім+зат есім



2. Септеулік шылау + етістік

2. Сын есім + етістік

3. Сан есім+зат есім



3. Зат есім+етістік

3. Сан есім + етістік

Бойжазу мақсатында келесі тапсырмалар өздік жұмысы ретінде орындалады.


І топ.Дұрысын тап.




Мысалдар

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркестер

Күрделі сөздер

1.

Қара торы.

 

 

 

2.

Кетіп қалды.

 

 

 

3.

Үйде қалды.

 

 

 

4.

Сары ала қой.

 

 

 

5.

Жұмған аузын ашпау.

 

 

 

6.

Он сегіз.

 

 

 

7.

Жетпіс жыл.

 

 

 

8.

Асығып-үсігіп келді.

 

 

 

9.

Сіркесі су көтермейді.

 

 

 

10.

Мөлдір су.

 

 

 


ІІ топ.Сөздердің байланысу түрлері.




Мысалдар

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

1.

Алғашқы ойлар.

 

 

 

 

 

2.

Қашықтық еңбегі.

 

 

 

 

 

3.

Уақыттан озған.

 

 

 

 

 

4.

Сендер сөйлеңдер.

 

 

 

 

 

5.

Былтыр тапсырды.

 

 

 

 

 

6.

Әлсін құлақ түреді.

 

 

 

 

 

7.

Білгенге маржан.

 

 

 

 

 

8.

Екі дос.

 

 

 

 

 

99.

Біздің ауыл.

 

 

 

 

 

1

10.


Сен таныссың.

 

 

 

 

 



ІІІ топ.Сөздердің байланысу тәсілдері.




Сөз тіркесі

Жалғау арқылы

Шылау арқылы

Интонация арқылы

Орын тәртібі арқылы

1.

Ажардың анасы.

 




 

 

2.

Шеберлікке үйрену.

 




 

 

3.

Ақша бұлт.

 




 

 

4.

Ертемен тұру.

 




 

 

5.

Қаладан келді.

 




 

 

6.

Сексен метр.

 




 

 

7.

Балаларға айттым.

 




 

 

8.

Гүрілдеген трактор.

 




 

 

9.

Орманға жақындау.

 




 

 

10.

Екеуміздің жолымыз.

 




 

 

Сергіту сәті.(«Қара жорға» әнімен қимыл қозғалысын көрсету).


ІІІ.Көкпар кезеңі:Ой толғаныс сәті.Бұл сайыста интерактивті тақтада сандар жазылған суреттер шығады.Әр топ таңдаған саны бойынша тапсырма алады.Шарты: берілген сөз бойынша сөз тіркестерін жазу,жазылған сөз тіркестері бойынша тақырыпты қорғау.

1. «Көкпар»; 2. «Қыз қуу»; 3. «Аударыспақ».
ІV.Теңге алу кезеңі: Әр топ тақтада көрсетілген теңгелерді таңдайды.Әр

теңгенің артында сөйлемдер жасырынған,оқушылар бұл сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.(тақтамен жұмыс)


1.Белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып теңге тасталынады.
2.Жерде жатқан теңгені атпен шауып іліп алу ептілікті,шабандоздық тәжірибені талап етеді.
3.Жердегі шүберекті алған шабандоз оның ішіндегісін өзіне қалдырады.
ІІІ.Сайысты бекіту: Венн диаграммасын құру:
І топ: Сөз тіркесі ----------- Күрделі сөз.
ІІ топ: Еркін тіркес ----------- Тұрақты тіркес.
ІІІ топ: Есімді тіркес ---------- Етістікті тіркес.

ІV.Рефлексиялық бағалау кезеңі. Үш жолға әр топтың аттары қойылады,бағалау парағы және жиналған асық арқылы жеңімпаз топ анықталып,оқушылар білім деңгейі бойынша бағаланады.
V.Үйге тапсырма: «Халқын сүйген –салтын сүйер» деген тақырыпта ойтолғау жазу,жазылған мәтіннен үш сөйлемге синтаксистік талдау

жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет