Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам. Сөзжасам туралы түсінік. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі44,48 Kb.
#24627
түріСабақ
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5«Б»

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам. Сөзжасам туралы түсінік. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға сөзжасамның атқаратын қызметі мен мағынасын туралы түсінік беру және оларды өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету; Дамытушылығы: Тақырыпқа сай жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой –өрісін, іздену қабілеттерін дамыту және нақты шешім жасауға үйрету,сөздік қорын байыту;

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу, өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс ( «Сөзжасам», «Сөз тіркесі», «Қос сөз», «Лексика», «Жұрнақ», «Біріккен сөз» тобы), салыстыру, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, кеспе қағаздар,ватман, фломастерлер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасып, оларды түгендеу).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 351, 354- жаттығуды тексеру, талдау

IІІ. Жаңа сабақ

«Сөзжасам» дегеніміз жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге –ла қосымшасы жалғануы арқылы ойлау іс әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла) жасалған. Мал деген сөзге –шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәніндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған.




Сөзжасам тәсілдері



Екі сөзді тіркестіру арқылы (айғыр –жуа , айғыржуа)




Жұрнақ арқылы

(ой –ла, ойла)





Екі сөзді біріктіру (бес –атар, бесатар)

Екі сөздің қосарлануы арқылы (кәрі –жас)



Қазақ тіліндегі сөздер




Түбір сөз –сөздің ең басты бөлшегі. Мысалы: мал, ой, бес т.б.

Туынды сөз –түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: әнші, достық т.б.

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз сөздің сыртқы түрі өзгермей –ақ, жаңа мағыналарға ие болуы. Мысалы, Ақ: 1) ақ (ағу –бастапқы мағына); 2) ақ ( ақ жіп,ақ сүт –түсті білдіретін бастапқы мағына); 3) ақ –жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы).



Оқулықпен жұмыс: 355 –жаттығу (ауызша), топтарға бөліп тастаймын.

356 –жаттығу. Жаттығуда әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздерді теріп жазыңдар, олар нені білдіретінін анықтаңдар. 362-жаттығу. «Сөзжасам» тобына жол, қырық сөзі, «Жұрнақ» тобына тоқсан, тамаша сөзі, «Лексика» тобына ашық, тәтті сөзі, «Қос сөз» тобына жаз, бас сөзі, «Біріккен сөз» тобына қырық, ашық сөзі, «Сөз тіркесі» тобына жол, тәтті сөзі беріледі.



ІV. Сабақты бекіту:

1.Түбір тұлғадағы біл, бас, сый, тау, жақсы осы сөздерден туынды сөздерді табамыз. (білгір,басшы,сыйлы, таулы, жақсылық).

2.Кестеден көрсетілген сөздерді негізі (түбір сөз, туынды сөз) екендігін ажыратып көрсету.

Сөздер

Түбір

Туынды

Көзқарас







ән







қала







он бес







бөл







қара торы







бала







тасбақа







дос







Салыстыру: «Сөзжасам» және «Лексика» сөздерін, «Сөз тіркесі» және «Жұрнақ» сөздерін, «Қос сөз» және «Біріккен» сөздерін топтарға бөліп тастап, оларға салыстыру жасайды.

V.Сабақтты қорыту:

Сөзжасам туралы түсінгендерін сұрап білу және оған топтастыру жасатамын.



VІ. Үй тапсырмасы: Сөзжасам туралы түсінікті оқу,ережені жаттау, 358, 363 –жаттығу (жазбаша)

VІІ. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет