Сабақтың тақырыбы: Құстар-біздің досымыз. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата19.12.2016
өлшемі31,96 Kb.
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«№26 жалпы орта білім беретін мектеп»

Даярлық топ тәрбиешісі

Жакупова Жулдыз Айтмухаметовна

Сабақтың тақырыбы:  Құстар-біздің досымыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға жалпы құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:  Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойыны.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті, «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу ,оқушыларды түгелдеу.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Уйге берген тапсырманы сұрап бағалау:

1.Қандай құстарды білесіңдер?

2.Жабайы құстарды білесің бе?

3.Үй құстарын атап бер?

4.Құстар көктемде қандай келеді?

5.Ең алдымен қандай  құс келеді?

Жаңа сабақ :

Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?

1.Жабайы құстар

2.Үй құстары.

Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп .Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден  құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші  жерге ұшып –қонып  жүреді.Барлық құстарға ортақ  қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды ,балапан басады.

Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай  түрліше болады.Мысалы :бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады.Себебі, олар түрлі тышқандармен ,ұсақ  жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы.

Үй құстары – тауық, күрке тауық, үйрек, қаз.   Бұлардың бәрі де қорегін тұмсығымен шоқып жүріп жейді.

  1. Жұмбақ шешу ойыны.

1.Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі қандай құс?

(Ақ көгершін)

2.Тоқылдатып манағы ап,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиян кесте жазалап.(Тоқылдақ)

3.Қызығып әр адам,

Ұстап ап даладан.

Жүнімді жұлып ап,

Бесікке қадаған.

Бұл қандай құс?  (Үкі)

  1. «Қанатты достарға қамқорлық» ойыны.

  2. Құстардың дыбыстауы ойыны.

Кім тапқыр.

А) кө-кек

Б) ку-ка-ре-ку

В) чик-чик

Ойын «Қанатты достарымыз»

Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады.

Қорыту.

Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.

Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға», керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.

Құссыз әлем бос қаңырап қалар еді.

Сауысқан мен көкек ертегісі.

Жоспары:

1.Сауысқан мен көкектің әңгімесі.

2.Құстар ұясы.

1.Көкектің әлі күнге дейін өзімдігі дейтін ұясы жоқ.

2.Сауысқан қандай құс?

3.Көкек қандай құс?

Жұмбақ

Қайталап атымды,

Ән салып аламын,

Кез-келген ұяға,

Жұмыртқа саламын (Көкек)

(Көкектің ұясыз қалуына еріншектік, жалқаулығы әсер етті.)

Тиым сөздер

1.Құстың ұясын бұзба,

Жұмыртқасын жарма.

2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.

3.Аққуды атпа.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет