Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?
1.Жабайы құстар
2.Үй құстары.
Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп .Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды ,балапан басады.
Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады.Мысалы :бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады.Себебі, олар түрлі тышқандармен ,ұсақ жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы.
Үй құстары – тауық, күрке тауық, үйрек, қаз. Бұлардың бәрі де қорегін тұмсығымен шоқып жүріп жейді. Жұмбақ шешу ойыны.
1.Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі қандай құс?
(Ақ көгершін)
2.Тоқылдатып манағы ап,
Ағаштарды тазалап.
Ормандарды емдейді,
Зиян кесте жазалап.(Тоқылдақ)
3.Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүнімді жұлып ап,
Бесікке қадаған.
Бұл қандай құс? (Үкі) «Қанатты достарға қамқорлық» ойыны.
Құстардың дыбыстауы ойыны.
Кім тапқыр.
А) кө-кек
Б) ку-ка-ре-ку
В) чик-чик
Ойын «Қанатты достарымыз»
Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады.
Қорыту.
Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.
Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға», керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.
Құссыз әлем бос қаңырап қалар еді.
Сауысқан мен көкек ертегісі.
Жоспары:
1.Сауысқан мен көкектің әңгімесі.
2.Құстар ұясы.
1.Көкектің әлі күнге дейін өзімдігі дейтін ұясы жоқ.
2.Сауысқан қандай құс?
3.Көкек қандай құс?
Жұмбақ
Қайталап атымды,
Ән салып аламын,
Кез-келген ұяға,
Жұмыртқа саламын (Көкек)
(Көкектің ұясыз қалуына еріншектік, жалқаулығы әсер етті.)