Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы Сыныбы: 4 «А» Оқушы саны: 25 Өтілген күні: 10. 02. 2016 Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі94,37 Kb.
#28296
түріСабақ
Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Г.Ш. Ауезханова

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы

Сыныбы: 4 «А»

Оқушы саны: 25

Өтілген күні: 10.02.2016

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар, кітапша, мультимедия т.б.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, миға шабуыл

Түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Оқушыларды психологиялық дайындау

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

І ТОП: «Адам өміріне не қажет?» және ІІ ТОП: «Ауа» III ТОП «Су»

Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?

Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жанурларға қатты әсер етіп, қөбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған. Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Осы су сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?

СУ


Оқушылар су дегенде көз алдына не елестейтінін стикерге жазады. Жазған сөздері бойынша мағынасы жуық сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Мысалы: өзен, көл, бұлақ т.б.

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді айқындау;

Мағынаны тану кезеңі

10 минут


Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Су туралы ассоциация

● Су – сұйық зат.

● Аспаннан жауын түрінде түседі.

● Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.

● Су буға айналады, ұшып кетеді

● Бу - мөлдір,түссіз газ.

ІҮ.Практикалық жұмыс: (Тәжірибе жасау)

Практикалық жұмыс №1 Топпен жүмыс

● Стақан ал. Ол ыдысқа су құй.

Сен әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көрдің.

● Судың нақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.

Практикалық жұмыс №2 Топпен жұмыс

● Қызыл, жасыл, сыры, ақ қағаздардан жолақ дайында. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстыр. Суды қазыл, сары, жасыл ақ деп айтуға бола ма? Болмайды.

● Судың түсі болмайды. СУ – ТҮССІЗ!

Практикалық жұмыс №3 топпен жұмыс

● Стақандағы суға кез келген затты сал. Судың ішінен ол айқын

көрінеді.

● Су - мөлдір. Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан ластанады. Таза судың түсі болмайды!

Практикалық жұмыс №4 Топпен жұмыс

● Қант, тұз, лимонның дәмі қандай? Енді судың дәмін байқа. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға бола ма? Болмайды.

● ТАЗА СУДЫҢ ДӘМІ БОЛМАЙДЫ!!!

Практикалық жұмыс №4

● Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіс судан да жағымды иіс шығады. Ал судың иіcі бар ма? Иіскеп көр.

● ТАЗА СУДЫҢ ИІСІ БОЛМАЙДЫ. СУ-ИІССІЗ!!!

Сергіту сәті:

Ал, балалар бір ауық,

Дұрыс бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса, отырып,

Бұрыс болса, тұралық.

– Сумен жуынамыз (отыр)

– Суды жейміз (тұр)

– Суды ішеміз (отыр)

– Су қатпайды (тұр)

– Су сұйық зат (отыр)

Практикалық жұмыс №5 Топ көшбасшыларымен жұмыс

● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құй. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады.

● Яғни, су ағады.

Қорытынды

• Судың нақты пішіні болмайды

• Судың түсі болмайды. Су-түссіз

• Су-мөлдір

• Су ағады

Міне, бұлардың бәрі судың өзіне тән қасиеттері.

ҮІ. `INSERT әдісі`

Білемін Білгім келеді Не білдім?

Су-тіршілік көзі Судың тағы қандай ерекшеліктері бар? Судың қасиеттері жөнінде білдім

ҮІІ Ой толғаныс (Логикалық тапсырма)

♦ Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, мына заттардың қайсысын алар едің?

• Қара көзілдірік

• Бір қорап сіріңке

• Фонарь

• Жұлдызды карта

♦ Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?

ҮІІІ Қорытынды

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

Мәселен үнді ғалымдар… арқа… құрысуы секілді аурулар… тек су… дұрыс тұтыну арқылы емдеуге болатынын айтады. Бас сақинасы да ми… су қажеттілігінің белгісі. Тіпті көз… ауруы да сусызданудан орын алады. Ал буындар… шөл қысса, ол артритке апарып соқтырады. Көз бен ми… су жетпесе, бас… сақина… ұстайды. Осындай ауырсынуды басу үшін бірден үш стакан су ішкен жөн.

Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз.

1.су/1,5- 2/ дені/ литрге/ сау/ абзал/ ересек/ тәулігіне/ тұтынғаны/ жуық/ адамдар/ тәулігіне

суды/ мүмкін/ жағдайда/ тым/ тигізуі/көп/ әсерін/ пайдалану/ кері/ да/ ағзаға/ кей

мүмкін/ мұздай/ қиындатуы/ миға/ су/ жеткізу/ қиындатуы/ үдерісін/ қан

дене/ абзал/ температурасын/ пайдаланған/ ас/ тұрақтандыратын/ көбірек/ тері/ суды/ қорытуды/ ететін/ жасушаларын/ қамтамасыз/ істеуін/ ылғалдандырып/ жұмыс/ әр/ мидың/ қалыпты/ жақсартып/ беретін

А) –Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер бар:

• Суды босқа төкпе!

• Сумен ойнама!

• Бұлақ көрсең көзін аш.

• Судай таза бол.

• Судан таза, сүттен ақ.

Ә)▪ Пішіні жоқ

▪ Түссіз

▪ Мөлдір


▪ Дәмі жоқ

▪ Иісі жоқ

▪ Ағады

Бағалау,өзін-өзі бағалау,топты бағалау



ІХ Үйге тапсырма:

1) «Су қалай ластанады?» эссе жазып келу

2) Оқулықтың 27 бетін оқу, әңгімелеу

Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Г.Ш. Ауезханова

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Максим Зверев "Суықторғай"

Сыныбы: 4 «А»

Оқушы саны: 25

Өтілген күні: 28.01.2016

Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсініп оқиды, мазмұнына талдау жасап, өздігінен оқып үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Суықторғай тіршілігі туралы білімдері кеңейеді, өздігінен ізденіп мағлұмат жинайды, ортада ой бөліседі.

Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру.

Әдісі: Дамыта оқыту әдісі, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. АКТ

Көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

І. Психологиялық дайындық:

Психологиялық дайындық

1 - слайд

Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

(Оқушылардың жауабы)

2 слайд Топқа бөлу

«А тобы» А – дан басталатын қасиетті сөздер айту

Аяулы, ардақты, айбатты, айбынды, асыл, ажарлы

«Б тобы» Б - дан басталатын қасиетті сөздер айту.

- Байсалды, байыпты, белсенді, беріктей, батыл., білімді.

«С тобы»: С - дан басталатын қасиетті сөздер айту:

- Салмақты, сабырлы, сергек, сезімтал, серіктес, сергек, сенімді.

ІІ. Мотивациялық кезең:

- Қызығушылықты ояту:

«Сұрақтар шеңбері»

1) Әңгімедегі қыстың қатал мінезі қалай суреттелген?

2) Адасып қалу қаупі төнгенде Қасым қандай әрекет істеді?

3) Жерге құлағын тосып Қасым не естіді?

4) Автор бұл боранды қандай боран дейді?

5) Қасым қандай бала?

6) Кейіптеу дегеніміз не?

«Сиқырлы сандар»

- Суықторғай қандай сөздер тобына жатады?

- Біріккен сөздер.

- Ережені еске түсіру.

- Екі не одан көп түбір сөздің бірігуінен жасалған сөздер тобын біріккен сөздер дейміз.

ІІІ. Операциялық кезең:

- Мағынаны тану:

1) Автор туралы мәлімет:

Зверев Максим Дмитриевич(29. 11. 1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қ. – 1996, Қазақстан, Алматы) – Қазақстанның халық жазушысы. Томск университетін бітірген (1923). 1923 – 37 жылы Сібір өсімдік қорғау ғылыми - зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған. 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 – 52 жылы Алматы зоопаркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ - де доцент қызметтерін атқарды. Алғашқы повесі – “Ақ марал” 1920 жылы жарық көрген. Повестер, әңгімелер, ертегілер, очерктер жинақтары: “Індер мен ұяларда” (1937), “Ормандағы кездесулер” (1938), “Алатау қорықтары” (1946), “Ертіс тоғайлары мен далаларында” (1950), “Орман алауы жанында” (1952; Қазақстанның Мемл. сыйл., 1953), “Алтын киік” (1957), “Көкпектінің аңшысы” (1963), “Дала қасқыры” (1975; Германияның “Бестлитсе” сыйл., 1976), “Орманда ауа райын болжау” (1987), “Орман күзетінде” (1987), т. б. атпен жарық көрді. Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатына тікелей байланысты, оқырмандарды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, туған табиғатты қорғап аялаушы ғалымдар, орманшылар, т. б. тұрмысы, мақсат - мүддесі туралы мол мағлұмат береді. Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы”, 2 рет “Құрмет Белгісі” ордендерімен,, бірнеше медальдермен марапатталған.

2) Мәтінмен жұмыс: Үнтаспадан мәтінді тыңдау.

3) Сөздік жұмыс:

Бедері - ізі, белгісі

4)« Айтылым, жазылым, тыңдалым» әдісі:

А - тобы: Мәтін мазмұнын баяндайды.

Б - тобы: Жоспар құрады.

1. Қысқы серуен

2. Жұмбақ із

3. Ашыққан суықторғай

4. Жайлы қоныс

5. Көктемді қарсы алу

С - тобы: «Суықторғай» интернеттен мәлімет алу:

Кәдімгі суықторғай, бозшымшық (лат. Pyrrhula pyrrhula) – құнақтар тұқымдасына жататын құс. Дене тұрқы 16 см, салмағы 32 – 34 г; төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры(аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. Бозшымшық Батыс Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Қыстап шығу үшін Орта Азияға, Қырымға, Қазақстанның оңтүстік аудандарына ұшып кетеді. Ағаш басына ұялап, бір жазда екі рет 4 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені 13 – 15 күн басып балапан шығарады. Олар 15 – 16 күнде ұядан ұшады. Бозшымшық әр түрлі ұсақ жәндіктерді, ағаштұқымын, бүршігін, жас жапырағын жейді. Үні әуезді, сондықтан оны үйде де ұстайды.

Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар

1. Мәтін мазмұны жағынан қай мәтін түріне жатады?

2. Серуендеп келе жатқан адам нені байқады?

3.”Аш өзегіне түсіп кетпесін” деген сөздің мағынасын түсіндір

4. Суықторғайдың аянышты халін

Көздері ***

Жүрегі***

Денесі ***

сөздерімен байланыстырып айт.

5. Торғайдың үйге келіп тойынғаннан кейінгі жағдайын сипатта.

2 ) «Қаламыңды ұшта» ойыны:

(Кіп - кішкене) жұдырықтай боп өзі,

Күні бойы ( тыным таппай) жүреді.

(Қарлы суық) боранда да қорықпай,

Қорек іздеп (әрлі - бері кезеді).

3) «Суықторғайға қамқорлық»

Ой толғау.

Ү. Рефлексиялық кезең:

1) Шығармашылық тапсырма:

А ) «Мюксенберг» әдісі

Суықторғай сөзіне сөзжасам жасау.

Суықторғай - су, ық, торғай, суық, тоғай, ай, уық, қуыс, ор, тор, сары, торы.

Б ): Суықторғай сөзіне сатылай кешенді дыбыстық талдау жасау

С ): Синквейн әдісі

1 зат есім Суықторғай

2. сын есім кішкентай, шыдамды

3. Етістік ұшады, қонады, қоректенеді.

4. Суықторғай қыста қыстап қалады.

5. құс

2) Кері байланыс:



«Кезбе тілші»

- Сәламатсыздар ма құрметті қонақтар және 4 сынып оқушылары.

«Мен сіздерге «Атырау» телеарнасынан арнайы келіп тұрған тілші ---

- Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы ой бөліскім келеді.

- Пән атауы

- Сабақта қозғалған өзекті тақырып

- Суықторғай қандай құс?

- Шығарманың авторы кім?

- Сабақтың сәтті өткен тұсы?

«Табыс критерийі»

«Жетті»- 1, 5 балл

«Талпынды»- 1 балл

«Талпыну керек» - 0, 5 балл

«Бағдаршам»



Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнын түсініп оқу, баяндау.

Сабақ соңы:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет