Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеттері. Тәжірибелік жұмыс


Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы. Білезік



бет2/4
Дата17.02.2018
өлшемі0,94 Mb.
#37738
түріСабақ
1   2   3   4

Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.

Білезік – білеккке салатын күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы, жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік, тағы басқа атаулары бар.

Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан, көз орнатылған, күміс шынжыр, арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.

Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған, жұмыр сақина.

Жүзік – қымбат тастардан, көз орнатылған жалпақ сақина оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.

Моншақ – түрлі тастар тізілетін моншақтар.

Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үшбұрышты салпыншақты күміс бұйым.

Маңдайша – сәукеле, тағы басқа тағатын, көз орнатылған күміс бұйым.Сақина – саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым.Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылғын түйме тәрізді сәндік бұйым.

Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған, омырауға сән беретін, түрлі түсті тастардан, көз орнатылған әсемдік алқалар тізбесі.

Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын, төменгі жағына бірнеше салпыншақ тағылған бұйым.

Көз ортаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.

Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шетеуленген аса қымбат белбеу.

Қын – кмер белбеумен бірге тұратын, пышақ салынатын, әшекейлі былғары бұйым.

Оқшантай – ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.

Қапсырма – әйел камзолына тағылатын, түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.

Шекелік – сәукеле, тақия, тағы басқа бас киімге  тағылатын бұйым.

Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын, жібек бау өткізілген күміс бұйым.

Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты, бұрым сәнін келтіретін алтыннан, күмістен жасалатын бұйым.

Шашбау -  шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ жапсырмалармен безендірілген бұйым.

Сырға – құлаққа тағатын, сәнді асыл бұйым. Оның сапасына сай көптеген түрлері болад.



Аттарақ – жылқының жіліншегін жарып, жұқалап, оны егеп, тіс салып жасаған ағаш сабы бар тарақ.

Білезік – сиыр мүйізінен жасалатын, сырты жылтыр, түрлі ою-өрнекетер салынған бұйым.



Сын есім
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер бар. Ол сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлінетіні белгілі. Соның бір тобы — зат есім деп аталса, келесі бір тобы — сын есім деп аталады. Сын есім заттың құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есімнің мынадай манызды белгілері болады.

1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек) т. б.
2. Заттын көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білділеді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк) т. б.
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (адам), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі) т. б.
4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақөсек) т. б.
5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс) т. б.
6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп… (Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері тун және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн?— желсіз түн; қандай ай?— жарық ай.
Сөйтіп, заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет