Сабақтың тақырыбы: Сурет салуды меңгеру. Графикалық натюрморт



Дата23.08.2017
өлшемі37,63 Kb.
#25575
түріСабақ
Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе лицейі

«Сурет салуды меңгеру. Графикалық натюрморт»

Өткізген: бейнелеу және технология

пәні мұғалімі: Садирбаева Қ.П.

2012-2013 жы

Ашық сабақ

Сынып: 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Сурет салуды меңгеру. Графикалық натюрморт.

Сабақтың мақсаты: Сурет салу жолдарын меңгеруде оқушыларды баулу.Суретшінің сурет салуда пайдаланатын мәнерлеу құралдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Тақырып бойынша материалды терең меңгерту,көптеген байланыстарды орната білуге баулу;кезеңдер бойынша талдап үйрету.

Дамытушылық:Ойлау қабілетін арттыру,таза-ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік: жұмыс реттілігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту амалдары: қызығушылық.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:суреттер, кітап, альбом, қарындаш, жай қалам ,өшіргіш ,бор т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу.

- Оқушыларды кезекші арқылы белгілеу.

-Сабаққа дайындығын тексеру.

-Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІ.Өткенді еске түсіру:

Сұрақ -жауап арқылы:

1.Графиканың қандай түрлері бар? Графиканың ағашта жасалған гравюра қырма (ксилогравюра), металға жасалған гравюра (офорт), литогравюра (тасқа), линогравюра (линолиум)түрлері болады.

2.Графика қай тілден келіп шыққан, қандай мағынаны білдіреді? Графика гректің «грапо» жазамын, сызамын деген мағынасын білдіреді.

3.Графикада қандай құралдар пайдаланады? Тушь,қарындаш,перо т.б.

4.Гравюра қандай мағынаны білдіреді? Француз сөзі «ою», «нақыштау» деген мағынаны білдіреді.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мұғалімнің сөзі:Оқушылар бүгін біз сурет салуды меңгереміз.Сурет салумен тек суретшілер айналыспайды, мс: геологтар- минералдар құрылысын , өсідіктану маманы-өсімдіктер суретін, географтар- табиғатты, картаны , сәулетші әр түрлі құрылыстардың жобасын жобасын түсіргенде қолданады.Салынған сурет адамдардың бәріне түсінікті түрде бейнеленеді.Сол себепті оны халықаралық тіл деп атайды.Суретшілер көркем шығарма жасауға кіріскенде олар нобай(эскиз)- кіші мөлшердегі сурет салудан бастайды.Нобайда олар өзінің болашақ шығармасына өздерін толғандырған алғашқы сезімі мен ойын қағаз бетіне түсіреді.Қорщаған ортадағы пайдаланып келген бұйымдар да суретшінің нобайлары бойынша жасалады. Суретте бұйымның пішіні, түсі және өзіндік сапасы әр түрлі берілуі мүмкін.

Егер салынатын зат, уақытша болса да, қозғалмайтын болса, онда оны асықпай салуға болады. Мұндай сурет-салынуы ұзаққа созылатын сурет деп аталады.

Ал натура әрдайым қозғалыста болып (жануарларды бейнелеуге қатысты), сурет салу барысы жылдам уақытты қажет етсе- бұл долбар деп аталады.

Сурет салу бірнеше кезеңнен түруы мүмкін.Көз алдыңа бәрін келтіріп пайымдап алуың керек.

Сосын нобайын (эскиз) қағаз бетіне көкжиек сызығын белгілеп, өзің таңдаған көру нүктесіне көріністі орналастыруға болады.

Қазіргі кезде сурет салудың әдіс-тәсілдері бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен ережелерін сақтай отырып іске асырады.

Сурет салу үшін алдымен онша үлкен емес мөлшерлерде алғашқы нобай жасап алуы қажет.

Алғашқы нобай жасаудың өзі де оқушыдан ұзақ отырып жұмыс жасауды талап етеді.Сурет салуды меңгеру үшін көптеген байланысты орната білу керек.1.Заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы сурет салу тәсілін меңгерту.2.Зат және оның бейнесін бақылау,яғни сурет салудың негізін білу.3.Сурет салудың басты талабын қадағалау,дарадан жалпыға,жалпыдан дараға.Мысалы 10-беттегі суретте қатар тізіліп келе жатқан керуеннің қозғалысмы өте нақты берілген.Түйелердің салмақты жүрісін,маңғаз бейнесін көз алдыңа келтіресің.Суретші ыстық күн аптабын,дала кеңістігін кәдімгідей әсерлі етіп салған.Алыстан болса да, керуеншілердің күнге күйген жүздері алыстан байқалады.Бұл сурет ұзақ уақыт бөлініп салынған сияқты,сондықтан сурет ұзаққа созылған сурет боп табылады.Сурет салуды меңгеру-заттарды өз қалпында бейнелеу,жетілдіру деген сөз.

ІV.Жаңа тақырыпта меңгерту.

Пысықтау сұрақтары арқылы:

1.Шығарма жасағанда сурет қандай мөлшерден басталады?

2.Ұзақ созылатын сурет дегеніміз не?

3.Долбар деп нені айтамыз?

4.Нобай дегеніміз не?

5.Көркем туындының негізі не боп табылады?

V.Үйге тапсырма:Әр түрлі дене мен адамдардың,жан-жануарлардың қозғалыстағы қалпын қағаз бетіне түсіру.

VІ.Сабақты қорытындылау.



Қатемен жұмыс,үйге тапсырма беру,баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет