Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Шырағың сөнбесін»



Дата03.11.2019
өлшемі19,13 Kb.
#51074
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 11-сынып сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Шырағың сөнбесін» романынан берілген үзіндінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, романның қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын анықтау

Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштік сезімге, патриоттыққа, өз халқының әдет-ғұрпы мен мақсат-мүддесіне сызат түсірмей қорғауға тәрбиелеу, елжандылыққа баулу

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, тренинг

Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, интербелсенді тақта, а3 қағаздар, маркер.

Пәнаралық байланыс: тарих

І. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Қалдарыңыз қалай?

Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа дайынсыздар ма?


    1. Психологиялық дайындық

«Подиум» тренингі. Оқушылар мұғалімнің сұрақтары бойынша сабаққа қандай көңіл-күймен келіп отырғанын айтады. Алдымен «Көңіл –күйім жақсы» дегендер,кейін «төмен» дегендер қол көтереді. Көңіл-күйі төмен оқушыларды алға шығарып, бірнеше оқушы комплимент айтады.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

  1. С. Мәуленов өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Шырағың сөнбесін» романынан үзінді оқып келу

  3. Жаңа сабақ

ҰОС туралы бейнеролик көрсету.
ҰОС қазақ халқына тигізген зардабы қандай болды? (оқушылардың ойын білу).

Осындай ҰОС жылдарындағы ел басына түскен , әйел басына түскен қиын тағдырды суреттейтін туындының бірі Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Тахауи Ахтанов баяғыда, отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шақта қағазға төккен мына «Шырағың сөнбесін» романында соны соқпаққа түсіп, соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті, әрине, алуан тағдырлар, әр қилы көңіл-күйлер шарпысы арқылы баян етті. Бұл — бір. Екіншіден, соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман қазақ прозасында басқашалай жоқ. Шырағың сөнбесін романы – қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.



1-тапсырма. Композициялық құрылысына  талдау.

1. Экспозиция –


2. Байланысы –
3. Дамуы –
4. Шарықтау шегі –
5. Шиеленісі –
6. Шешімі –

2-тапсырма. Шығарманы сатылай кешенді талдау.

Авторы:
Тақырыбы:


Жанры:
Идеясы:
Топтық жұмыс

1-топ – Романдағы қазақы салт-дәстүр көрінісі

2-топ – Кейіркерлер бейнесі

3-топ - Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі




  1. Бекіту

- Соғыс жылдарында, қиын кезде баласын тастамаған Назира мен қазіргі бейбіт заманда баласын тастап жатқан қыздарға не дейсіңдер? Неге олар осындай қатыгездікке барады?

- Қазақ даласында бұрын-соңды жетім болмаған. Қазір неге көп?




  1. Үй тапсырмасын беру

«Соғыс ешкімге де қуаныш, күлкі әкелмейді» тақырыбына эссе жазу.

  1. Бағалау.

Топтағы белсенді оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет