Сабақтың тақырыбы: Табиғат және біз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғат туралы ұғымды кеңейту,табиғаттың әсем жерлері,қорықтар туралы мәлімет беру,етістіктің райлары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін ,тіл байлығын дамыту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,аялауға,сүйе білуге баулу,экологиялық тәрбие беру.Әр оқушының жүрегіне өзінің туған жерін,Отанын бағалай білу,оны ардақтау сезімін ұялатуға жағдай жасау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,жеке,топтық жұмыс,суретпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география,экология.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа сабақ ( кесте)
1 Бейнефильмді көрсету 1-Әңгімелесу(сұрақ-жауап)
Қазір біз бейнефильм көреміз де ,сабақты жалғастырамыз.Мұқият болыңдар.Сонымен біз жаңа нелерді көрдік?(таулар,сулар,далалар,гулдер,ағаштар, т.б.)
Сөйтіп,балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады,қалай ойлайсыңдар?
Иә,дұрыс.Табиғат туралы. Табиғат деген не? Оны айту үшін мына жұмбақтарды шешіп көрейік.
1.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)
2.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан (күн)
3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді (жер)
-Енді жаңбырдың,өзеннің,көлдің,мұздың ортақ қасиеттерін айтып көріңдерші (су)
Жер-үйіміз
Су- қазынамыз
Күн- жылуымыз
Ауа- өміріміз
2- «Сөз сыры»мұражайы
Балалар,біздер бұрын да табиғат жөнінде,экологиялық жағдайлар туралы әңгімеледік.Енді табиғат,экологиялық проблемелар жөнінде кім не айтқысы келеді?(Оқушылар өлеңдер оқиды,алдын-ала берілген)
2.Оқулықпен жұмыс : 175 беттегі «Табиғат және біз» мәтінді түсініп оқып,берілген тапсырмаларды орындау.
3-«Сөздік алқабы» жаңа сөздер: өрлеу,сарқып алмау,ілгері шарықтау
4- «Сөйлем көлі» сурет бойынша әңгіме
1 топқа табиғат бейнеленген сурет беріледі,оған қарап әңгіме құрайды.
2 топқа табиғатты бейнелейтін шағын мәтін беріледі,оған байланысты сурет салады.
5-«Грамматика тауы» (Етістіктің райлары туралы)
Тапсырмалар: 1- тапсырма: Етістіктің орнын толтыру
1.Адам баласы табиғатты ...
2.Бұлақ көрсең көзін ...
3.Су мол болса,астық та ...
4.Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ...
5.Біздің таза ауада ...
2-тапсырма: Тиісті жұрнақтарды қойыңдар.
1.Алтау ала бол... ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел бол... төбедегі келеді.
2.Ел болам де... бесігіңді түзе.
3.Еңбек ет... ерінбей,тояды қарнң тіленбей.
4.Тіл тас жарады,тас жарма... бас жарады.
6.Соңғы аялдама (қорыту бөлімі)
-Енді ,оқушылар, сабақтың соңында ата-бабамыздың табиғатты қорғауда ескерткен тыйым сөздерін еске түсірейік
«Обал болады» деп,егінді,шалғынды бастырмайды.
«Көктей соласың» деп,көкті жұлғызбайды.
«Киелі құс» деп,аққуды атқызбайды.
«Қарағай кессең , қаңғырып қал» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді.
«Қарғысы қатты» деп , жапалақ пен жарқанатқа тигізбейді.
-Сонымен,оқушылар,Елбасымыздың «Қазақстан-2030»жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтқанын ескере отырып ,мына сөздерді оқып көрейік.
1.Берілген әріптерден сандардың өсу ретімен сөзді құра
2 4 3 7 1 5 8 6 9
а и б т т ғ т а ы
2.Енді сандардың кему ретімен сөзді құра
5 2 6 8 7 3 4
қ ғ ы р қ о й а
Сонымен,қандай сөз шықты? Табиғатты қорғайық! Дұрыс.
Ендеше,оқушылар,мына «Тілек ағашына»өздеріңіздің тілектеріңізді жаза қойыңыз.(Ағаш суреті салынған плакаттқа оқушылар өз тілектерін жазады.)
7. Сабақты бекіту.
8.Үйге тапсырма: «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін» деген
тақырыпқа шағын шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |