Сабақтың тақырыбы: «Табиғат-тамаша байлығымыз»
Мақсаты: Оқушыларды туған жер табиғатын сүюге,аялауға және табиғатты қорғауға тәрбиелеу,экологиялық білімдерін арттыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу. Дамытушылық: Табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасауға, табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сурет салуға арналған құралдар.
Сабақтың барысы:
Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе – теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелрді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз – адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі экологиялық кешіміз 9-10 кластар аралығында сайыс болады.Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1._______________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
5.______________________________________________________________
Сайыстың шарттары:
«Жұмбақтар шешу»
2.«Білім сайысы» (10 сұрақ)
3.«Полиглот» ( 5 тапсырма)
4.«Мені түсін» ( топ басшылары сайысы )
5.«Өнерлі өрге жүзеді » ( өлең,би,күй,ән)
6.«Кім шапшаң?»
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 сратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан:
«Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған.... Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар.... еліміздің байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек».
Тек сәттілік,қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа
Оқу керек,білім керек қашанда
Ол болмаса,сайыс деген сайыс па?!
Сайысымыздың 1 кезеңі – Жұмбақтар шешу.
4 топқа сұрақтар беріледі, алдындағы тұрған бағдаршам белгісі бар қағазды кім бірінші көтереді сол топ жауап береді.
Шөлге төзімді жануар
Арқасында тауы бар (Түйе)
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады. (Алма)
Жерге ұқсас сабағы
Дәні халық тағамы.(Бидай)
Тұздықпенен жүреді
Қане кім айтып береді.(Пияз)
5. Дауылға нық күшті
Ағаштың мықтысы ( Қарағай)
6. Орақ болып туады
Табақ болып тынады. (Ай)
7. Біреуін жерге беріп,
Күзде оны тереді (Тұқым)
8. Кең байтақ су, ішуге болмайды ( Теңіз)
9. Жасыл тонның бояуы
Жыл он екі ай оңбайды. ( Шырша)
10. Суда өседі, судан шықса өледі ( Балық)
11.Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.( Қоян)
12. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал ( Жылан)
Әділ қазылардың бағасын сұраймыз.
Туған жер – алтын бесік , асыл анам,
Ауаңмен , ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім өзің тектес
Алысқа нәсібі шашыраған.
2 кезең – Білім сайысы.
1 топқа
1.Атмосфера құрамында ең көп кездесетін газ.(азот)
2. Жердің ең орталық өзегі.(ядро)
3.Жер бетіндегі ең ескі таулардың бірі (Орал)
4.Атмосфера қабаттары (тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера)
5.Мұхит түбін үздіксіз өлшейтін құрал (эхолот)
6.Оқ жасауда қолданылатын металл
7. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды.
8. «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген ғалым
9.Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым.
10. Алғашқы құс-көнеқұс пайда болуы.
2 топқа
1. Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал (анемометр)
2. Жердің су қабағы (гидросфера)
3.Мұхит деңгейін есептелінетін биіктік (абсолют биіктік)
4.Тұрақты желдің қалыптасуы неге байланысты? (атмосфералық қысымға)
5.Әлемдегі ең биік нүкте (Джамолумгма)
6.Ең жеңіл металл?
7.1892 жылы темекі теңбілін зерттеп,вирусты ашты?
8.Қарағайлы орманмен аттас қандай элемент?
9.Термометрде қолданылатын металл
10.Бір әрпін алмастырса тауға айналатын элемент
3-топқа
1.Желдің бағытын анықтайтын құрал (флюгер)
2.Әлемдегі жауын шашын ең көп түсетін жер (Черапунжи)
3.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы (атмосфералық қысым)
4.Қазақстанда «Қызыл кітап» ұйымдастырылған жыл (1978)
5.Қазақстанда қанша қорық бар? (10)
6.Қандай ағаштар атауында химиялық элемент аты бар?
7.Жасыл түс беретін қандай элемент пен пигмент?
8.Аквариум балығымен аттас инертті газ
9.Қандай элемент түбектің атымен аталады?
10.Алғашқы құс-көнеқұс пайда болуы
4-топқа
1.Атмосфералық жауын-шашын мөлшерін өлшейтін бірлік ( мм)
2.Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жер ( Батыс Алтай)
3.Қазақстанның ең төмен жері (Қарақия)
4.Жер шарында сейсмикалық белдеу нешеу? (2)
5.Қазақстандағы ең суық жер (Атбасар)
6.Тек өсімдік жасушасына ғана тәне денешіктер
7.Қандай элементтердің аты гүлге байланысты?
8.Қышқыл жаңбыр дегеніміз?
9.Бензиннің қандай түрі ауаға көп зиян келтіреді?
10.Қазақстандағы екі адам атымен аталатын темір кен орны.
Әділ-қазылардың бағасын сұраймыз
Ормандар, жап – жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен Орман жұп, бір ұғым,
Орманды, Отанды қорғаңдар!
Озбыр қол орманды отаса –
Отанға қастандық қылғаны.
3 кезең – Полиглот.
Әр топқа 5 сұрақтан қазақша,орысша, ағылшынша жауап береді.
1 топқа
Қыс – зима – winter
Ағаш – дерево – tree
Тау – гора – mountain
Көл–озеро – lake
Аспан –небо– sky
2 топқа
Күн– солнце – sun
Көктем– весна – spring
Күз– осень – autumn
Су– вода – water
Жер– земля – land
3 топқа
Жаз– лето– summer
Мұхит –океан – ocean
Жұлдыз –звезда – star
Жаңбыр – дождь– rain
Ауа– воздух–air
4 топқа
Ай – луна – moon
Өзен – река – river
Гүл –цветок – flower
Теңіз –море –sea
Бұлт – облако–cloud
Әділ қазылар алқасының бағасын сұраймыз
4 кезең – Мені түсін ( топ басшылар сайысы )
1 топқа Жаңбыр
2топқа Ай
3топқа Күн
4топқа Тұз
Әділ қазылар алқасының бағасын сұраймыз.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
5 кезең - Өнерлі өрге жүзеді. ( өлең,би,күй,ән )
Әділ қазылар алқасының бағасын сұраймыз.
Жаралған Жер – ана зыр айналып ғаламды.
Арқасына қондырып , аялаған адамды
Адам жердің етене сүйініші, тынысы
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,
Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.
6 кезең - Кім шапшаң?
4 топқа тапсырма беріледі. (Сурет салу)
Қорытынды бөлім .
Марапаттау.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
Табиғат – тамаша байлығымызға
Достарыңызбен бөлісу: |