Сабақтың ортасы
3 минут
15 мин
10 мин
|
1. Өткенді қайталау
(Қ ; Ө ) Ойын «Сенесің бе?» Айтқан тұжырымдарға «Ия», «Жоқ» деп жауап береді.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. (ия)
Дауысты дыбыстар әндетпейді. (жоқ)
Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап айтылады. (ия)
Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді. (ия)
П – үнді дауыссыз дыбыс. (жоқ)
Ы – жуан дауысты дыбыс.(ия)
І – жіңішке дауысты дыбыс. (ия)
Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз.(жоқ)
Әріптерді біз жазамыз, көреміз.(ия)
2.Хат туралы мәлімет беру.
Хат жанры – ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі.
Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жібереді.
Хат тасушы адамды кім дейді?
-Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. Хатты жазып болған соң оны конвертке салып, сыртына хат алушының мекен жайын жазып, поштаға апарып саламыз .Бұрынғы кезде пошта болмаған кезде көгершіндер пошташының рөлін атқарған. Хат түрлерін айту.
3.(Т;Ө;Қ)Топпен жұмыс.
1-топ – «Жабық хат»
2-топ – «Ашық хат»
3-топ – «Жеделхат»
4-топ – «Электронды хат»
1-топ. «Жабық хат» Буындардан сөз құрау
2-топ. «Ашық хат» Коллаж жасау. (х, дыбыстары бар суреттер жапсыру)
3-топ. «Жеделхат» «Қатесін тап».(Жазба түрінде қате жазылған сөздерді табу)
4-топ. «Электронды хат» Буын, сөз, сөйлем құрау. Жұппен жұмыс жасап, бір-біріне WhatsApp арқылы жібереді
4.Арнайы хат
«Құрметті 1 «Ә» сыныбының оқушылары! Мен сендердің 1-сыныпқа келіп, білім алып жатқандарыңа ризамын.. Мен тек жақсы оқып, диктантты қатесіз жазатын, оқу жылдамдығы жақсы, есепті де жақсы шығаратын оқушыларға сыйлықты беремін. Қалған уақыттарыңды тиімді пайдаланып, оқуларыңды дұрыстаңдар.
-Енді сендерге бір сұрағым бар, қыс мезгілінде ойнайтын қандай ойындарды, қандай спорт түрлерін білесіңдер?
4. (МК; Ұ; Ж, Қ) Суретке қарап ,әңгіме құрастыру.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет - журналдар да бар. Кітапхана қоры - кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады..
Іші өте таза, жылы, әдемі. Кітапханада түрлі газет - журналдар да көп. Онда өте мәдениетті, инабатты, өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады. Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.
|
Сұрақ – жауап
Таныстырылым
Суреттер,ақ парақ,буындар жазылған сөздер
Әлидің арнайы хаты
Кітапхана туралы суреттер.
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
6.Берілген әріптерден сөздер құрастыру.
хадәраін- дәріхана
меанах-емхана
ебершнаха –шеберхана
патіканаха –кітапхана
7.Дәптермен жұмыс
8.Сиқырлы хаттың сұрағына жауап беру.
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Хаттың қандай түрлерін білдік?
|
Ақ парақ, маркер
Жазу дәптері
Түрлі түсті шарлар
|
Топтарға бөліп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беру
1. Суреттермен жұмыс жасай отырып, х дыбысы мен әрпін меңгереді.
2. Хат туралы түсінік қалыптасады.
|
Топтық жұмыс барысында хаттағы тапсырмалардың орындалуын х дыбысы бар сөздерді табуын,х дыбысы кездесетін сөздерді қатесіз жазуын бағалаймын;
Кітапхана,хат туралы түсініктері кеңейеді.
|
Жаттығуды орындау: иілу,отырып-тұру, айналу
|