Сыныбы: 4«Б» Сабақтың тақырыбы: Табыс септігі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табыс септігін және оның ережелерімен таныстыру. Жоспары: 1.Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару 2.Атау, Ілік, Барыс, септігінің сұрақтарын қайталаймыз. (Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? ) 3.Қазақ тілінде неше септік бар? 4.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ереже: Табыс сентігіндегі зат есімдер Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? Деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігі атау септігіндегі сөзге-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септігі жалғаулары деп атайды. 5.51 жаттығудағы мәтінді оқыңдар. Сұрақтар: Аққу қандай құс? Ол неліктен киелі құс саналады? Мәтіндегі баланың орнында болсаңдар қандай іс-әрекет жасайсыңдар. 6.52 жаттығуды дәптерге көшіріп, сөйлемнен табыс септігін тауып, карандашпен белгілейміз. 7.53 жаттығу бойынша кесте сызып сөздерді 4 септікке бөліп ажыратамыз. 8.55 жаттығу мақалды оқып, табыс септігіндегі сөздерді ауызша талдаймыз.