Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы:
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Табу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға табу туралы және оның мағыналық, құрамдық түрлері жайында лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,
сөйлем талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңасабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІІ Білім тексеру:
Терме диктант. Омоним сөздер
1.Ай туды. Тамыз айы. 2.жерді қаз. Қаз қаңқылдайды. 3. Мақта оңтүстікте өседі. Досыңды мақта. 4. Тамыз жаз айы. Дәптерге жаз.
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.
Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша еклін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.
Солардың әрқасысының жақындық долына, жасының үлкен – кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған. Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген.
Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.
Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...
ІІ деңгей
1.Табуға мысалдар жаз.
2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.
Үлгі
Жоғалған маг – қолды болды.
Жылан – түйме, ала жіп – ұзын құрт.
ІІІ деңгей
1.Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.
2.Қазақтың салт – дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
101- жаттығу
Мәтіннің ішінен өзгеше қолданыстарды тауып,олардың табу екенін түсіндір.
102 -жаттығу
Қарамен жазылған сөздердің табуға жататынын, жатпайтынын байқап көріңдер.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Табу туралы түсінік.
103 - жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |