Сабақтың тақырыбы: Табу



Дата22.01.2017
өлшемі33,89 Kb.
#7581
Сабақтың тақырыбы: Табу

Сабақтың тақырыбы: 1.Білімділік: Жаңа білім сабағы. Табудың ережесін ұғынып, дұрыс тауып айтуға ,сөз мағаналарын ажырата білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Табу сабағынан алған білімдерін жаттығу арқылы дамыту. Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру,топпен жұмыс жүргізу арқылы әр бір оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік: Табу тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отыра,топпен жұмыс істеу арқылы бірлікке,жолдастық көмек көрсете білуге ,ұлттық салт-дәстүрді оқушылардың бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,оқу-жазу,суретпен жұмыс,карточкамен жұмыс.

Жұмыс түрлері: Топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер ,карточкалар,мультимедиялық құрал.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру.

3.Өткен сабақты еске түсіру.

4.Жаңа сабақ.

5.Дамыту.

6.Қорытындылау.

7.Бекіту.

8.Үй жұмысын беру.

9.Бағалау.

1.Ұйымдастыру:Кезекшімен диалог. Оқушыларды топқа бөлу.Топ басшысын тағайындау.

2.Үй жұмысын тексеру: 99,96,100-жаттығуды жазбаша және ауызша орындату.

3.Өткен сабақты кестелер мен карточкалар арқылы еске түсіру.

4.Жаңа сабақ: Табу

Балаларға сұрақ қою.

-Адам дүниеге келгенде қандай салт-дәстүрлер болады?

-Шілдехана,тұсаукесер т.б .

Үлкейіп ер жетеді. Суретпен жұмыс жүргізу.

Суретпен жұмыс жүргізе отыра ұлы үйленіп,қызы келін болады. Сол келін ата-енелеріне,қайындарына ат қояды.

Оқушылар ескі наным сенім бойынша табиғат айналадағы құбылыста болып жатқан қауіпті жағдайларды тура атамаған.Мысалы: Найзағайды айтса жай түседі деп «жасыл» деп атаған.

-Мифтік ескі-наным бойынша атын тура атауға тыйым салынған сөдерді табу деп атайды.

Табудың тыйым сөздерден ерекшелігі ,тыйым сөздерде тәрбиелік мағанасы болады.

Мысалы: Саусағыңмен көрсетіп кісілерді санама, түнде суға барма, босағаға керіліп тұрма.т.б.

5.Дамыту: жаттығу-102

Мәтінді оқып түсінігін айту

  1. топ

2-топ

Мәтінді оқу

Түсінігін айту

Мәтіннен табуды табу.

Жаттығу-103



1-топ

2-топ

Түсінігін айту

Мәтінді оқу

Мәтінде табу бар ма?

6.Қорытындылау: Өздерінің ағайын туыстарына ат /табу/ қойып жазу.



Өз туыстарының аттары

Табу

























Сызба кестемен жұмыс

Табу

Тыйым сөздер

Айырмашылығы



















7.-Сурет бойынша жұмыс.

Суретке әңгіме құрастыру. Ішінде табу болу керек.

Жазған әңгімелерді оқыту.

Әрбір оқушы бүгінгі сабақ туралы өз түсінгендерін не түсініксіз болғаны туралы жұлдызшаларға жазып тақтаға іледі.



8. Оқушыларды бағалау.

9. Үй жұмысын беру: Әдеби шығармалардан табу жазып келу.

10.Сабақтың соңы: қоштасу.



Жіберуші: Насретхан Лаура

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет