Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Негіздердің құрамы, гидроксид, валенттік ұғымдары, физикалық қасиеттері, индикаторға әсері, негіздердің қышқылмен әрекеттесуін сипаттайды.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Тапсырма
Негіздер қатарын белгіле:
А) LiOH, AI(OH)3 CuOБ) NaOH Zn(OH)2 Fe(OH)2, В) Са(OH)2 СаО Ва(ОН)2
2. Суда еритін негіздер басқаша қалай аталады?
А) гидроксидтер
Б) сілтілер
В) оксидтер
3. Сілтілік ортада лакмус түсі:
А) қызарады
Б) көгереді
В) өзгермейді
|