Жасуша жарғақшаларының (мембрана) және кей ферменттердің «құрылысына» ат салысады. Сондай-ақ, сүйек және шеміршек талшығының, полисахаридтердің құрамына кіреді.
Дәрумендер мен минералдар. Дәрумендер- ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой қабілетін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлайды.
Минералдар адам организмінде зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бұлшық ет қызметінде, оттек тасымалдау, жүрек жиырылуын реттеу, жүйке импульстерін таратуда негізгі рөл атқарады.
1-3 минут
1-5
Тапсырмалар
1-тапсырма Тағам құрамындағы химиялық элементтерді тауып кестеге белгілеп,
адам ағзасындағы осы элементтердің жетіспеу белгілерін атаңыз
2- тапсырма Адам ағзасындағы заттар қосылыстар түрінде болады. Төмендегі кестеге осы қосылыстардың адам денесіндегі функцияларын және ақпарат көздерін (азық-түлік өнімдері) көрсетіп жазыңыз: