Жасуша жарғақшаларының (мембрана) және кей ферменттердің «құрылысына» ат салысады. Сондай-ақ, сүйек және шеміршек талшығының, полисахаридтердің құрамына кіреді.
Қанның ұюына тосқауыл болады, сондай-ақ, ісік ауруына қарсы тұру қызметін атқарады.
Жүрек, бүйрек және бұлшықеттерде жиналатын қуат қорын тудырады. Гликоген барлық ағзаны глюкозамен қамтамасыз етеді.
Көмірсулар қоректік компоненттерді сіңіруге әсер ете отырып, асты қорыту қызметін атқарады.
Дәрумендер мен минералдар. Дәрумендер- ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой қабілетін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлайды.
Минералдар адам организмінде зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бұлшық ет қызметінде, оттек тасымалдау, жүрек жиырылуын реттеу, жүйке импульстерін таратуда негізгі рөл атқарады.
1-3 минут
1-5
Тапсырмалар
1-тапсырма Тағам құрамындағы химиялық элементтерді тауып кестеге белгілеп,
адам ағзасындағы осы элементтердің жетіспеу белгілерін атаңыз
Ca
Mg
P
K
Fe
Алма
Банан
Айран
Балық
Құрма
Дескрипторы:
Тағам құрамындағы макроэлементтерді көрсетеді.
Тағам құрамындағы микроэлементтерді көрсетеді.
Химиялық элементтердің адам ағзасында жетіспеуінің сыртқы көріністерін айтады
2- тапсырма Адам ағзасындағы заттар қосылыстар түрінде болады. Төмендегі кестеге осы қосылыстардың адам денесіндегі функцияларын және ақпарат көздерін (азық-түлік өнімдері) көрсетіп жазыңыз:
Ағзадағы функциялары
Ақпарат көздері
Майлар
Нәруыздар
Көмірсулар
Дескрипторы:
Екіден кем емес азық-түлік көздерін жазады
Адам ағзасындағы функцияларын ашып жазады
5 минут
Бекіту
Бекіту сұрақтары: Адам ағзасына тамақтанудың маңызы қандай?
Күнделік тағам өнімдерін пайдаланғанда нені ескерген дұрыс?
Қоректік заттардың адам ағзасында жетіспеуінің салдары?