Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
Тамақ өнімдеріндегі қоректік заттар
Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі
Ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін 3 қоректік зат қажет, олар: ақуыз, май және көмірсу. Ағзадағы зат алмасу процессі баяуламас үшін, осы 3 қоректік заттың мөлшері бірдей болуы қажет.
Ақуыз (нәруыз) – амин қышқылдарынан тұратын күрделі зат. Жалпы адам бұлшық еті мен тіндерінің өсуі бұл затсыз мүмкін емес.
Ақуыздың өзі 2 топқа бөлінеді:
Жануар – яғни жануарлар өнімдерінен алынады. Аталмыш санатқа ет, құс, балық, сүт, ірімшік және жұмыртқа жатады.
Өсімдік – ағзаға өсімдіктерден түсетін зат. Бұл топтың құрамына қара бидай, сұлы, грек жаңғақтары, жасымық, үрме бұршақ, соя және балдырлар енеді.
Ақуыздың негізгі функциялары:
Зат алмасуға қатысады және тағамды молекулаларға бөлуге көмектеседі.
Жасушаларға пішін береді, жасушааралық зат пен тіндердің негізі ретінде әрекет етеді.
Дененің қорғаныс қызметін арттырады, атап айтқанда вирустардың қабынуы мен шабуылына тосқауыл жасайды.
Жасушалардағы және қандағы заттардың мөлшеріне, олардың көбейіп, өсуіне әсер етеді. Мысалы үшін, глюкозаны реттейтін инсулинге ықпалы бар.
Көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге өткізеді, сонымен қатар оттегін өкпеден басқа да тіндерге тасымалдайды.
Бұлшықеттің жиырылуын қамтамасыз етеді.
Майлар – тірі жасушалардың негізгі компонентерінің бірі.
Олар қуат тепе-теңдігін сақтау сияқты, дәрумендер мен минералдардың кейбір топтарын сіңіру үшін де ағзаға соншалықты қажет. Майлар тіндерді құрушы, қоректік заттарды тасымалдаушы және қуат қоры болып табылады.
Майлар да екі үлкен топқа бөлінеді: