Сабақтың тақырыбы: Танымдық іс әрекет. Сабақтың мақсаты: Танымдық іс әрекетін түзету. Сабақтың көрнекілігі



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі0,7 Mb.
түріСабақ
1   2

Үйге тапсырма: Еңбек жайлы шағын әңгіме құрастыру?

Қорытынды.


Оқу ісінің уақытша меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 13.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық.
Сабақтың мақсаты: Адамның сабырлы пен ұстамды болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сабыр жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Сабыр арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір – қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай сабырлы адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне басса назар аударады.

Сабыр әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. Өзгермейтін, түзелметін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

Адамның ар – намыс өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым – қатынас жасауы. Сонымен қатар адам шынайы еңбекпен де шыңдалады. Адамның еңбек етуі ең алдымен оның ар – намысының биік екеніндігінің дәлелі. Себебі еңбек адам өмірінің маңызды рөлін атқарады. Еңбек арқылы адам тәрбиеленеді, білім алады, өзінің жеп ішуі және киім киюі бәрі еткен еңбегінің арқасынды. Адам баласы қалай еңбек етеді солай қарай өмір сүруі қалыптасады.

Ал, сабырлық адамның ішкі жан дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет – әлпетінен, сондай – ақ тұлға – мүсіні мен мінез – құлқынан көрініс табады.
Үйге тапсырма: Сабырлық деген не?

Қорытынды.


Оқу ісінің меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 14.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық.
Сабақтың мақсаты: Адамның сабырлы пен ұстамды болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сабыр жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адам – өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Бұл да әсабырлыққа байланысты. Себебі адамды сабырлық басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Сол себепті әрқашан да сабырлық сақтап, өзімізге атқарылған міндетті әрқашан абыроймен ерінбей орындауымыз қажет. Себебі сабыр адам өмірінің маңызды рөлін атқарады. Еңбек - жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әдеуметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және дамытады. Алдымен өзіңді – өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың.

Сабыр арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір – қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай сабырлы адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне басса назар аударады.

Сабыр әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. Өзгермейтін, түзелметін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.


Үйге тапсырма:Сабырлық жайлы мақал – мәтелдер.

Қорытынды.


Оқу ісінің меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 13.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық.
Сабақтың мақсаты: Адамның сабырлы пен ұстамды болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сабыр жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – сабырлық жолы.

Ал, сабырлық адамның ішкі жан дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет – әлпетінен, сондай – ақ тұлға – мүсіні мен мінез – құлқынан көрініс табады.

Сабыр арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір – қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай сабырлы адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне басса назар аударады.

Адам – өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Бұл да әсабырлыққа байланысты. Себебі адамды сабырлыұ басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады.

Олай болса, адам сабырдан аттап кетпей, өзінің барлық іс – әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез – құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда, өзін – өзі сабырлық тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.


Үйге тапсырма:Сабырлық деген не?

Қорытынды.


Оқу ісінің меңгерушісі:
Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 20.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адалдық пен әділдік.
Сабақтың мақсаты: Адамның адал және әділ болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Адалдық жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адамдар қандай да болсын, әр қандай істің айқындығын, дәлдігін қалайды ғой. Ол ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғандада ол тартынбайды. Адал болу тек өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым – қатынастан және іс – әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да бұлтақтамай, сөзінен таймай, берген уәдесінде тұратынына күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.

Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым – қатынас.

Адалдық - ардың ісі. Нақыл сөзді қалай түсінесің?
Үйге тапсырма:Адалдық туралы нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер жаттап келу.
Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 21.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адалдық пен әділдік.
Сабақтың мақсаты: Адамның адал және әділ болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Адалдық жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым – қатынас.

Адалдық - ардың ісі. Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін өзі тануы, ар – ұяты алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым – қатынаста, іс – әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білу т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым – қатынастан және іс – әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да бұлтақтамай, сөзінен таймай, берген уәдесінде тұратынына күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы да мол боладыАдами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Сәлемдескен кездерде орнынан тұрып, ізет білдіру – сыпайлықтың белгісі. . Алдымен өзіңді – өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың. Өзіңе – өзің адал болу деген не?
Үйге тапсырма: Адалдықтың адами қарым қатынастағы маңызы қандай?
Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 27.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ар -ұждан – адамдық өлшемі
Сабақтың мақсаты: Адамның адамгершілігі мол болуы және әділ болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Адамгершілік жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Адамдық - ардың ісі. Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін өзі тануы, ар – ұяты алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым – қатынаста, іс – әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамгершілікке байланысты. Адамгершілік – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.

Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік адамгершілік.

Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін – өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әдеуметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және дамытады.

Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым – қатынас жасауы. Оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.

Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат, мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді.


Үйге тапсырма: Ар -ұждан – жайлы айтып бер.
Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 28.10.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты: Адамның адамгершілігі мол болуы және әділ болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Адамгершілік жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Адами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттілік белгісі. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі – бір ауыз сөз. Осыған байланысты мына өлең жолдарды мысалға келтірсек болады:

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Жанның да өз әсемдігі бар кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлықтығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді. Адамшылдық қасиеттер арқылы адам әрқашан жақсы заттарды ойлауға соны жүзеге асыруға тырысатын болады. Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамгершілікке байланысты. Адамгершілік – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.

Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік адамгершілік.



Үйге тапсырма: Өз мінезін жайлы айтып бер.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 10.11.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ержүректік ердің ісі.
Сабақтың мақсаты: Ержүрек болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ержүректік жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік адамгершілік. Әрқашан ержүрек болу керек. Біздің ата – бабамыз ержүрек және батыр бола білген. Соның арқасында еліміз бүгінгі тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ержүректік ердің бірінші ең жақсы қасиеттерінің бірі болуы шарт.

Еңбек қылсаң ерінбей, (тояды қарның тіленбей)

Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)

Ине өткен жерден, (жіпте өтер)

Шебер көп жерде, (өнер көп)

Қыз еркем, (ісімен көркем)

Істі ине тікпейді, (икемді қол тігеді)

Гүл жердің көркі, (қыз елдің көркі)

Асыл қайшы пішуге сән, (күміс қасық ішуге сән)

Еңбек өнер өрісі, (өнер өмір жемісі)

Өнер таусылмас азық, (жұтамас байлық)

Бүгінгі істі, (ертеңге қалдырма)

Өнерлінің он саусағы тең, (өнерсіздің бір саусағы кем)

Үлгісі көптің өрнегі көп, (өрнегі көптің ермегі көп)

Ана көрген тон пішер, ( әке көрген оқ жонар)

Үйге тапсырма: Ержүректік қасиеті.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 17.11.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кекшіл болма көпшіл бол

Сабақтың мақсаты: Көпшіл болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Көпшіл болу жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Адам ткекшіл болмауы керек, яғни ренжіген адамдарына кек сақтамауы қажет. Адамның кешірімді болғаны дұрыс. Себебі, бұл өмірде кіршікшіз мінсіз адам болмайды, барлығы да қателіседі, сондықтан да адам кешірімді болуы керек. Әр адам кекшіл болып дұшпан тапқанша, кешірімді болып дос тапқаны жақсы. Мына бір шумақ өлеңнен кекшіл болмаудың қаншалықты маңыздылығын ұғынамыз.

Кекшіл болма, көпшіл болсаң озарсың,

Әуре болма, тарттырамын деп сазасын.

Арам ойлы адамдармен жауласпа,

Алла берер ондайлардың жазасын.
Құшағыңа сиғыза біл ғаламды,

Алалаудан аулақ болғың адамды.

Кешіре біл, тек сүйе бер барлығын,

Тек махаббат жаулап алсын санаңды.
Мін іздеме өзгелердің бойынана,

Кінә іздеуді шығар мүлдем ойыңнан,

Ізгі іспенен жақсылықты көре біл,

Сонда ғана айың туар оңыннан.

Демекші ақын аталарымыз кекшіл болмау керек. Кекшілдік жаман қасиет.

Үйге тапсырма: Көпшіл болу жайлы нақыл сөздер .
Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:


Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 18.11.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен жаманнан жирен .

Сабақтың мақсаты: Жақсы болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Жақсы болу жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Жақсыдан үйрен жаманнан жирен. Адам жақсы қасиеттерді бойына жинай білу керек.

Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты. Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады. Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу – ұлы артықшылық, әбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі. Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білу т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым – қатынастан және іс – әрекетімізден көрінеді.
Үйге тапсырма: Адам бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 24.11.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен жаманнан жирен .

Сабақтың мақсаты: Жақсы болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Жақсы болу жайлы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Жанның да өз әсемдігі бар кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлықтығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді. Адамшылдық қасиеттер арқылы адам әрқашан жақсы заттарды ойлауға соны жүзеге асыруға тырысатын болады. Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Сөзді әр түрлі бастауға болады: қыздарға олардың әдемі көйлегі, шашы туралы, жігіттерге оның дене пішімі туралы қошемет сөздер айтуға болады немесе ауа райы туралы бастауға болады.

Егер адамға сенің көмегің қажет болса көрсетуден қашпа, көмектес. Мысалы, адамның қолы бос болмаса, есікті аш, қарт адамға жолдан өтуге, көліктен түсуге және т.б. көмектес.

Сөйлесуді жалғастыру үшін әр түрлі сұрақтар қоюға болады, оның оның соңғы жүріп жатқан кинофильмдерге, компьютерлік ойындар, спорт, үй жануарлары туралы пікірлерін сұрауға болады, мектептегі жағдайлар туралы әңгіме қозғауға болады.

Сөйлеп тұрған адамға теріс қарауға болмайды. Мәдениетті адам өзі туралы көп сөйлемейді.

Үйге тапсырма: Адам бойында қандай жағымсыз қасиеттер болады?

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:


Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 25.11.2016 ж.
8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесу мәдениеті.

Сабақтың тақырыбы: Танысу және сөйлесу ережелері

Сабақтың мақсаты: Танысу және сөйлесу ережелерін үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Танысу және сөйлесу ережелері. Көшеде, көлікте, театрда, мұражайда және басқа да қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен таныспау керек.

Танымайтын адамның мазасын алма. Бұл қауіпті болуы да мүмкін.

Егер бір адаммен танысқың келсе, екеуіңе ортақ адамға өтініш жаса.

Егер жаңа танысқан адамың сенімен сөйлескісі келмесе, сен таныстықты жалғастырма.

Танысқан кезде ұл баланы қыз балаға; жасы кішіні үлкен адамға; қонаққа кеш келгендерді ерте келгендерге таныстырады.

Танысқан кезде ер адамдар орнынан тұрады; әйел адамдар келген адамдар қарт адамдар немесе үлкен лауазымды болмаса, орнынан тұрмауға болады.

Кештерге, дискотекаларға достарымен, жақсы таныстарымен барған дұрыс.

Сөзді әр түрлі бастауға болады: қыздарға олардың әдемі көйлегі, шашы туралы, жігіттерге оның дене пішімі туралы қошемет сөздер айтуға болады немесе ауа райы туралы бастауға болады.

Егер адамға сенің көмегің қажет болса көрсетуден қашпа, көмектес. Мысалы, адамның қолы бос болмаса, есікті аш, қарт адамға жолдан өтуге, көліктен түсуге және т.б. көмектес.

Сөйлесуді жалғастыру үшін әр түрлі сұрақтар қоюға болады, оның оның соңғы жүріп жатқан кинофильмдерге, компьютерлік ойындар, спорт, үй жануарлары туралы пікірлерін сұрауға болады, мектептегі жағдайлар туралы әңгіме қозғауға болады.

Сөйлеп тұрған адамға теріс қарауға болмайды. Мәдениетті адам өзі туралы көп сөйлемейді.

Үйге тапсырма: Жағымсыз қылықтардан айырылып, жақсы қасиеттерді бойға сіңіру.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. .12.2016 ж.
8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Танысу және сөйлесу ережелерін үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.   Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі  жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. 

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!



Үйге тапсырма: Жағымсыз қылықтардан айырылып, жақсы қасиеттерді бойға сіңіру.
Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 02.12.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ерік, жігер құндылықтары.

Сабақтың мақсаты: Ерік, жігер құндылықтары үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адам баласы жігерлі, ерікті болып туылмайды. Оны ең ата – ана, одан бала бақша, мекте және өзінің ортасы тәрбиелейді. Сондықтан әр балаға жігерлі, сабырлы және батыл ерікті болуды жастайынан үйретуіміз қажет. Сонда ғана әр азаматымыз ерік пен жігер құндылықтарын бойына сіңіріп өседі. Жанның да өз әсемдігі бар кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлықтығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді. Адамшылдық қасиеттер арқылы адам әрқашан жақсы заттарды ойлауға соны жүзеге асыруға тырысатын болады. Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Егер адамға сенің көмегің қажет болса көрсетуден қашпа, көмектес. Мысалы, адамның қолы бос болмаса, есікті аш, қарт адамға жолдан өтуге, көліктен түсуге және т.б. көмектес.

Сөйлеп тұрған адамға теріс қарауға болмайды. Мәдениетті адам өзі туралы көп сөйлемейді.



Үйге тапсырма: Түсінік айту.
Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 08.12.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық пен жаным дос

Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасау, жақсылық қасиеттері мен

құндылықтарын үйрету.



Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.

Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым – қатынас жасауы. Оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.

Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат, мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс – әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Адамның мінез – құлқы айналасындағылардың пікірлерімен шарттасып жатады. Осы арқылы адам өзін – өзі бағалай білуге үйренетін болады.



Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу – ұлы артықшылық, әбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі.
Үйге тапсырма: Түсінік айту.

Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 09.12.2016 ж.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Жанашырлық жанға қуат.

Сабақтың мақсаты: Жанашырлық қасиеттері мен құндылықтарын үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Оқушыға жанашырлық туралы түсінік беріп,олардың бойындағы жанашырлық сезімдерін дамыту керек. Жанашырлық ұғымы туралы -оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету. Оқушыларды ниеттес,тілектес,сыйлас болуға тәрбиелеу. Айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің? /табиғатқа, достарыңа, отбасыңдағы адамдарға /

Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл. Жанашырлықты сөзбен ғана емес,іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет - ең бастысы осы. В.А.Сухомлинский.

Үйге тапсырма: Жанашырлық таныту барлық кезде қажет пе?.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:


Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 15.12.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кешірімділік көңіл кеңдігі.

Сабақтың мақсаты: Өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа 
үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ.Дәйексөз. 
«Кешіре білген адам күшті адам» А.Иүгінеки 
-Кешіру деген не? -Кемшіліксіз адам бола ма? -Өзгелерді кешіру арқылы не туындайды? 
Әңгімелеу. Мұғалім сыйы. 
АҚИҚАТ ДҮКЕНІ.Бір адам маңдайшасында «Ақиқат дүкені» деген жазуы бар дүкенге бас сұғыпты. Қандай ақиқат алғыңыз келеді, толық па, әлде жартылай ма,-деп сұрапты сатушы. Әрине толық! – сенімділікпен жауап берді алушы. – Мен ешқандай өсек-өтірікті, болжамды, түсіндірулерді қабылдамаймын. Менің ақиқатымның бұрмаланбай анық, нақты, таза болғанын қалаймын. Сатушы оны дүкеннің төріне алып барып «Қымбат» деген жазуы бар, 
ақиқаттың бағасын көрсетті. 
Неше тұрса да сатып алуға шешім қабылдаған ол: 
Қанша тұрады?-деп сұрады. 
Бағасы, Сіздің жан тыныштығыңыз,-деп жауап берді сатушы. 
Адам ауыр, шаршаған, шаншыған жүрегімен сыртқа шықты. 
Талдау сұрақтары: 
1. Сатушы нені сатпақ болды? 
2.Адамның жан тыныштығы неде? 
3.Неліктен адамның жүрегі шаншыды? 
4.Ақиқатты сатып алуға бола ма? 
5. Ойланып көрейікші! Адам өмірінде ақиқат болмаса не болар еді? 

Кешірімділік – адам баласының бойына біткен асыл қасиет. Кешірімді бола білу қажет әр қашанда.



Үйге тапсырма: Адам өмірінде ақиқат болмаса не болар еді? 

Қорытынды.
Оқу ісінің меңгерушісі:

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 1 .12.2016 ж.
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар.
Сабақтың мақсаты: Өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа 
үйрету.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Сенің адал өмірің ,сенің еңбексүйгіштігін, сенің талапты болуың, білім алудағы табыстарың-ата-анаң үшін зор бақыт. Өз үйіне бақыт әкел . Ата-ана жүрегін сезе біл, олардың жанарыңдағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен ата-анаңның көздерінен олардың жан дүниесін көре білуді үйренбесең адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың. Әр қашан талбыңа нұр жауып тек биік белестерден көріне білу қажет.



Үйге тапсырма: Адам өмірінде адамгершілік қасиеті болмаса не болар еді? 

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 12 .01.2017 ж.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Саналы адам – сабырлы адам.

Сабақтың мақсаты: Саналы, сабырлы, адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Сабырлы адам жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа. йлап қарасаңыз, осы сабырлықты таныту өте оңай сияқты, алайда эмоциялардың кесірі болар, адам сабырлылықты ойынан шығарып жібереді. Қандай жағдай болмасын сабырлық таныту өте маңызды. Осыны біле тұра болмайтын нәрсеге айғай шу шығарып жатқан қаншама адамдарды көріп жүрміз, ашуға бой алдыруға мүлдем болмайды. Қарапайымдылық қасиетін өз бойыңда сақтау, басқа адам баласына еліктемеу  керек.   Сабыр - адам бойында асыл қасиет. Адамның ұстанымдылығын, инабаттылығын, қаншалықты тәрбие көргенін көрсетеді. Сабырлық ар, ұждан, ынсап негізінен құралған. Осы қасиеттер адам бойында болса, онда ол адам өзін-өзі сыйлайтын, жанындағы адамдарды сыйлайтын азамат. Сабырлылық өз ісінің пәктігіне сенімді, ниеті түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарайтын адамға тән қасиет. Ал немқұрайлық және еріншектік сабырлыққа қарама-қарсы қасиеттер. Кейбір келеңсіз оқиғаларда адам өзін-өзі ұстап, сабырлық танытып, үндемей әңгімені аяқтауы керек. Бұл да адамның асыл қасиетінің көрсеткіші, ата-анасының тәрбиесінен, ақылдылығынан туындайды. Сыйлы адам болам десеңіз сабырлы болыңыз, кішіпейіл болыңыз, адамгершілік және мейірімділік қасиеттерін бойыңызға сіңіріңіз. Халық арасында сабырлыққа байланысты айтылатын нақыл сөздер көп. Соның бірі Сабыр түбі – сары алтын. Өте орынды айтылған. Аллаһқа құлшылық қылуда сабыр сақтау дегені – қандай қиындықтарға қарамастан құлшылық істерін толық орындау. Кез келген қиыншылықта сабыр ету. Бұл қасиетті адам өз бойында қалыптастырса, көп жағдайда жетістікке жетеді. Өз бойымыздан осы қасиетті іздейік, оны жетілдірейік. Сабырлы адам- күш иесі.
Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Үйге тапсырма: Сабырлы болу жайлы шағын эссе.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:


Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 13 .01.2017 ж.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Мінез сұлулығы.

Сабақтың мақсаты: Саналы, сабырлы, адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат.
«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса « ісінің шалалығы» деп, жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Үйге тапсырма: Өз мінезін жайлы айтып бер.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 19 .01.2017 ж.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Мінез сұлулығы.

Сабақтың мақсаты: Саналы, сабырлы, адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты. Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады. Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу – ұлы артықшылық, әбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі. Кішкентайыңнан – ақ уәдеге, антқа берік болуды үйрен. Уәдеге берік болу – сенің жеке басыңның абыройы.

Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. Өзгермейтін, түзелметін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

Адамның мінез – құлқы айналасындағылардың пікірлерімен шарттасып жатады. Осы арқылы адам өзін – өзі бағалай білуге үйренетін болады.

Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлйді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді – енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады. Ол саясатқа да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.



Үйге тапсырма:Өз мінезінді сипаттау?

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:



Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады. 20 .01.2017 ж.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге құрмет кішіге ізет.

Сабақтың мақсаты: Саналы, сабырлы, адал болуға, шыншылдыққа, отаншылдыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. 
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын.
 Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла. 
Әке – асқар тау, 
Ана – аққан бұлақ, 
Бала – бауырындағы құрақ. 
Үлкенді сыйлағаның, 
Өзіңе құрмет жинағаның. 

Үлкендерді сыйлайтын, 


Кіші қамын ойлайтын. 
Сүймейтін жат әдетті, 
Бауыржандай досым бар, 
Өзі сондай әдепті. 
Жақсы перзент марқайтар, 
Жаман перзент қартайтар. 

Ата сөзі – қасиетті, киелі, 


Ата сөзі – жанға жылы тиеді. 
Ата сөзі – өміріме өнеге, 
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді. 

Бәрін де жақсы көремін, 


Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы қуанышты көңілмен сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма:Тақырыпқа байланысты эссе жазу.

Қорытынды.

Оқу ісінің меңгерушісі:
Каталог: uploads -> doc -> 0d8a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d8a -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Б. Сагимбаеваның қысқа мерзімді жоспары
0d8a -> Сабақ мақсаты : Білімділік : Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету
0d8a -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет