Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет60/65
Дата03.10.2024
өлшемі174,84 Kb.
#205618
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
түзету қмж.инклюз

Түзету- дамыту №37
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Көңілді шеңбер
Сиқырлы дөңгелектер.
Сабақтың мақсаты: Дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар. Әліппе - дәптер, дөңгелек заттардың суреті бейнеленген көрнекіліктер, ақ қағаз, қарындаштар.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші көрнекіліктер бойынша өздері көрген суреттердің ұқсастықтарын сұрайды (қарбыз, доп, күн т.б). Дөңгелекке ұқсас заттардың ұқсас белгілерін анықтайды (дөңгелектің бұрыштары жоқ, оны дөңгелетуге болады). Балаларға дөңгелек заттарды атауды ұсынады (алма, түйме, т.б). Сондай-ақ, шеңберге ұқсас заттарды атап айтқызады, салыстырады.
Дидактикалық ойын: "Суреттегі затты аяқта"
Тәрбиеші дөңгелек сызады, ал балалар оның қосымша бөліктерін салады. Оны белгілі бір бейнеге ұқсатады (сурет салуға арналған дәптерге қараңыз). Балалар жұмыстарын талдау.

Түзету- дамыту №39
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Шарлар мен гүлдер
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету
Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?”

Мазмұны:Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1) Интерпритация
Қызыл- қуанышты көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
2) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.
Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Жылтыр кілемше

Жылтыр қағаздан төртбұрыш қиыңыз. Оның үстіне әртүрлі осындай қағаз немесе матадан кескіндерді қойыңыз. Олар төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрыш болуы мүмкін. Өзіңіздің жасаған кілемшені балаға көрсетіңіз. Бала осыған қарап тура осындай кескіндерді тура осылай қойсын. Кескіндерді дұрыс қоюға көмектеспеңіз, тура осы кезде баланың ақыл – ойы, көзқарасы, қол саусақтарының іс-қимылдары жақсы жетіле түседі. «Үшбұрышты жылжылт... – төртбұрышты түзулеп қой...- домалақты оңға (солға) қарай жылжылт» - деп сөз арқылы көмектесіңіз. Бұларды қолмен бейнелеп көрсетуіңізге болады. Ал бала сіздің іс-тәжірибеңізге қарап өзінің ақыл-ойын, ойлауын, көзқарасын одан әрі жетілдіре түседі. Екі кескіннен тұратын оюдан бастаңыз (мысалы: домалақ және төртбұрыш немесе тікбұрышпен үшбұрыш). Кескіндер түрі және кескіні жағынан бірдей болу керек. Бара – бара қиындатып кескіндердің санын көбейтуге, одан кейін түрін ауыстыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет