Сабақты қорытындылау.
Мұғалім:М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.
Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
- Маңай, айнала неге сап - сары? Тоғай неліктен сарғайып кеткен?
- Құстар қайда және не үшін қайтып кетті?
- Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Айнала).
- Құстар қайтып кетті дегенді ше?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Күзде жапырақтарда өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?
3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?
Пәні: Түзету сабағы
Мерзімі:
Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Қозғалала білуде де сенімділік
Мақсаты:
1.Баланың табиғатта қозғалыстар жасауға түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргені мен аңғарғанын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
2.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Жүргізу әдісі: түсіндіру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.
Балаға қойылатын жетекші сұрақтар:
1. Көктемде неше ай бар?
2. Қай айдан басталады?
3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
4. Айтшы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).
а) Педагог баланың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.
- Қыстың күзден айырмашылығы неде?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
- Қысты неліктен көңілді деп айтады?
ә) Жұмбақтар шешу.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
(Қар)
Достарыңызбен бөлісу: |