Пәні: Түзету- дамыту №19-23-36
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Әуенді терапия .Астана—Бәйтерек.
Мақсатым: Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы мағлұмат беру, түсініктерін дамыту, бекіту. Әнді мұқият тыңдау, оның көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар: Астана қаласының, «Бәйтерек» құрылысының көріністері.үнтаспа
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Астана қаласының тарихы туралы, көрнекті жерлері, өсем ғимараттары туралы түсінік беру.
Іс-әрекет кезеңі.
Астана қаласы бойынша саяхат (аудио, видео).
Ән тыңдау. «Қызылқұмда ауылым», «Астана». Үнтаспа.
- Астана туралы не білесің?
- Астана қаласы бұрын қалай аталды?
- Астананың қандай көрікті орындарын білесің?
- «Бәйтерек» туралы не білесің?
- «Бәйтеректің» төбесінде не бар?
Әнде Астананың керемет келбетіне деген сүйіспеншілік бар. Астана - жас болса да бас қаламыз, мақтанышымыз. Есіл өзені бойында орналасқан әсем қалаға қарасаң көз тоймайды.
«Бәйтерек». Музыкасын жазған Б. Әлімжан.
Бәйтерек - өмір ағашы. Салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған. Күн сәулесінің түсуіне қарай түсін өзгертіп тұрады.
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Ән ұнады?
Ән айтар алдында денені тік ұстап, қолды екі тізеге қойып, дауысты жаттықтырамыз. Әнді айтқанда иықты көтермей, терең дем алып, демді біртіндеп жіберу керек.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Шарлармен би».
Би қимылдарын жасағанда әркез денені тік ұстап, жеңіл қимыл жасауға дағдылану қажет. Музыка әуенімен шарды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу және шарды жоғары ұстау. Баланы би қимылдары арқылы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Психологиялық жаттығу: «Қандай қалып?»
Қорытынды: Мен сенмен Астана, оның көрікті орындары, Бәйтерек туралы әңгімелесіп, ол туралы ән айтып, музыка тыңдадық. Бүгінгі іс - әрекетіміздің қай кезеңі саған ұнады?
.
Достарыңызбен бөлісу: |