Oйын "Түстерді таңда".
Балақай екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренген соң, 4-5 бояуды басқа жаққа алып қойып, өзінің алған түсі қандай бояу түстерінің қосындысы екенін айтып береді.
- Аспанда нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаңнан кейін пайда болады. Сендердің алдыларың дағы ақ қағаз аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеңдер.
Тәрбиеші қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді (жалпақ қылқаламмен қағаз бетін таза сумен жуып алу).
- Қағазға су сіңіп болған соң сурет салуды бастаймыз. Кемпірқосақтың суретін салу үшін қандай түсті бірінші пайдаланамыз, ұмытып кетпеңдер, жоғарыдан және қызыл түстен бастаймыз.
Баланың өз бетінше жұмыстары.
Баланың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру. Балалар жұмыстарын талдау. Талдау барысында тәрбиеші өлең оқиды.
Кемпірқосақ.
Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ ашылды.
М.Әлімбаев.
Пәні: Түзету- дамыту №22
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: «Жаңа жылға сыйлығым» Шыршаны безендіреміз.
Сабақтың мақсаты. Баланың өз ойынан қиып жапсыру дағдысын қалыптастыру. Ой-қиялын шығармашылық қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, шырша қиып жапсырылған қағаздар.
Сабақтың барысы. Шырша жайында өлең оқылады. "Жаңа жыл келді". Сөзі. Д. Қанатаев. И. Нүсіпбаев.
Бізге жаңа жыл келді, Ойыншықты мұншама,
Аяз ата бізге енді. Кім ілді екен шыршаға?!
Алақай, айнала түрленді, Алақай, айнала түрленді?!
Балақай би биле, тұрма енді! Балақай, би биле тұрма енді!
Шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай шыршаны безендіретіндерін айтады. Шыршаға ілінген ойыншықтарды қарап көреді. Әр балаға өзіне берілген шыршаны безендіру ұсынылады. Балалар шыршаны өз ойларынан, кергендерінен еске түсіріп, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жасайды. Балаларға ойыншықтарды қиюға және онымен шыршаны безендіруде дұрыс орналастыра білуге бағыт береді. Ұқыпты жұмыс істей білулері қадағаланады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалар жұмыстарын талдау
Жаттығу. «Заттың қолдануы»
Қандайда бір таныс заттың аты аталады, мысалы «Кітап». Қолданудың түрлі тәсілдерін тізіп шығу қажет: «кітап үстелдің үстіндегі түрлі қағаздарды өзгелерден жасырып қоюға, заттың астына тірек ретінде пайдалануға»т.б
Заттың атқаратын функциясын кім қолданса да сол жеңіске жетеді. Тапсырма затқа шоғырлануға, оның кездейсоқ құбылысын ашуға қабілеттілікті дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |