Сабақтың тақырыбы тарих пәні туралы Мақсаты



бет3/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#28184
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

«Бекітемін»__________



Сыныбы: 5

Күні: 25.11.2015жыл.

Сабақтың тақырыбы


§10. Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы.


Мақсаты


«Мен- қазақстандықпын, өз елімде барлық есік ашық!» - деп айта алатын Қазақ халқының тарихы мен арғы ата- бабаларымыздың ерлікке толы игі істері туралы білімді меңгеру.

Күтілетін нәтижелер



А. «Мен- қазақстандықпын, өз елімде барлық есік ашық!» - деп айта алатын Қазақ халқының тарихы мен арғы ата- бабаларымыздың ерлікке толы игі істері туралы біледі.

В.Жарты миллионнан аса тарихы бар, тарихымызда ешқандай ұялатындай оқиға болмаған Қазақ хандығының ерекшеліктерін анықтайды.

С. Қазақ хандығын құру үшін басын бәйгеге тіккен билеушілердің ерліктерін зерделей, тарихта алатын орын бағалайды.

Керекті жабдықтар



Оқулық, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба.

Тапсырмалар:

2,3,4,5,6,7,8

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе


5мин


Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушыларды «Керей» және «Жәнібек» деп 2 топқа бөлемін.

«Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.
АББҚ бар оқушыға бағдар карта беру.


Топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде оқушыларға қойған және өзіне қойған сұрақтарды ой елегінен өткізе, үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін зерделейді.



«Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды


Тұсаукесер

5мин


Табыс критерийлері:

А. «Мен- қазақстандықпын, өз елімде барлық есік ашық!» - деп айта алатын Қазақ халқының тарихы мен арғы ата- бабаларымыздың ерлікке толы игі істері туралы білу.

В.Жарты миллионнан аса тарихы бар, тарихымызда ешқандай ұялатындай оқиға болмаған Қазақ хандығының ерекшеліктерін анықтау.

С. Қазақ хандығын құру үшін басын бәйгеге тіккен билеушілердің ерліктерін зерделей, тарихта алатын орын бағалау.

Электрондық оқулық;



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.



Негізгі бөлім

25мин


«Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы туралы тақырыпты өздігінен меңгеру .

Постер шығару.

Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.

Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу.

Бағалау критерилерін тарату.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.



Постерді бағалау критерилері:

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Шығармашылығы



Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін қосып постер құрады.

Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.



Қорытынды

10 мин

«Автор орындығы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Табыс критерийлер арқылы өзін-өзі бағалату;

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.


Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.

Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.



«Бекітемін»__________



Сыныбы: 5

Күні: 02.12.2015жыл.

Сабақтың тақырыбы


§11. Қазақ хандары мен билері.


Мақсаты


Қазақтың ұлы даналары мен хандары туралы білімді меңгеру.

Күтілетін нәтижелер



А. Қазақтың ұлы даналары мен хандары туралы біледі.

В.Хан- ел билеушісі, айбарлы қазақ хандары мен қара қылды қақ жарған, от ауызды , орақ тілді билеріміздің қазақ мемлекетінің саяси өміріндегі міндетін анықтайды.

С. Өмірмен байланыстыра, саяси билікті нығайтып, ел басқаруда үлес қосқан тарихи тұлғалардың ел тарихында алатын орнын бағалайды.

Керекті жабдықтар



Қазақстан тарихынан әңгімелер, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, карта, тірек- сызба.

Тапсырмалар:

2,3,4,5,6,7,8

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе



5мин


Ұйымдастыру. Амандасу.

«Бір шаңырақ астында»әдісі арқылы топқа бөлу,



«Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.



Топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

«Бинго» ойынының сұрақтарына жауап беріп, үй тапсырмасына қаншалықты дайын екенін көрсетеді.



«Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалайды

Тұсаукесер

5мин


Табыс критерийлері:

А. Қазақтың ұлы даналары мен хандары туралы білу.

В.Хан- ел билеушісі, айбарлы қазақ хандары мен қара қылды қақ жарған, от ауызды , орақ тілді билеріміздің қазақ мемлекетінің саяси өміріндегі міндетін анықтау.

С. Өмірмен байланыстыра, саяси билікті нығайтып, ел басқаруда үлес қосқан тарихи тұлғалардың ел тарихында алатын орнын бағалау.

Бейне фильмнен үзінді көрсету.

Ой қозғау сұрақтары.

 


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.

Негізгі бөлім

25мин


«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру.

І-топ: Хан ел билеушісі. Қазақ хандары.

ІІ-топ: Ақылы асқан

Әз Тәуке.

ІІІ-топ: Қазақ билері.

Төле би Әлібекұлы (1663-1756);

Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764);

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766).




Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін оқып, бөліп берілген материалдарды меңгеріп, бағдарлама жасайды.

Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.





Қорытынды

10 мин

Тест арқылы сабақты қорытындылау.
АББҚ бар оқушыларға Бағдар картаны таратып, орындалуын бақылайды.
«3:2:1»арқылы кері байланыс жасау;
Табыс критерийлер арқылы өзін-өзі бағалату;


1.Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?

а) Бұрындық

ә) Шағатай

б) Мөңке


в) Жошы

2. Әйгілі қазақ билері қатысқан әдеттік- құқықтық заң жинағын атаңдар:

а) Төре бітігі

ә) «Жеті жарғы»

б) Қылмыстық заң

в) Жарғы


3. Дана, әділдігімен атағы шыққан хан:

а) Бұрындық

ә) Тәуке

б) Жошы


в) Салқам Жәңгір

Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.



Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.


Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері

Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай

А. Қазақтың ұлы даналары мен хандары туралы білемін.

0 1 2 3 4 5




В.Хан- ел билеушісі, айбарлы қазақ хандары мен қара қылды қақ жарған, от ауызды , орақ тілді билеріміздің қазақ мемлекетінің саяси өміріндегі міндетін анықтаймын.

0 1 2 3 4 5




С. Өмірмен байланыстыра, саяси билікті нығайтып, ел басқаруда үлес қосқан тарихи тұлғалардың ел тарихында алатын орнын бағалай аламын.

0 1 2 3 4 5







Ұпай

0-5

6-9

10-12

13-15

Баға

2

3

4

5



Бинго 1

Этнос ұғымын қалай түсінесіңдер?

«Қазақ» атауы-

Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпалар:


Ақ Ордаға иелік жасаушы сұлтандардан 1428 жылы билікті тартып алған Шайбан тұқымынан (Жошы ханның бесінші ұлы) шыққан хан:



Керей мен Жәнібек бастаған қазақтар бөлініп шыққан мемлекет:

Қазақ хандығының құрылған уақыты:

Қазақ хандығын құрушылар:

Қай ханның тұсында Қазақ хандығы орнығып, дамыды:

Қазақ жүздері қазақ хандығының аймақтық- әкімшілік бөлігі ретінде қашан қалыптасты?


Бинго 2

Қазақ хандығының астанасын Сарайшықтан Ұлытауға көшірген кім?

Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақтарға Мойынқұм мен Қозыбасы аймағынан жер берген Моғолстан билеушісі:


1457 жылы қалмақ Үз- Темір тайшының Сығанақ аймағына жасаған шабуылы кезінде жеңілген хан:

Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың Әбілқайыр ханға бағынбай, Шу бойына үдере көшуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

Алғашқы Қазақ хандығы құрылған аумақ:


2015 жылы біздің еліміз Қазақ хандығы құрылуының қанша жылдық мерейтойын атап өтті?

Әлеуметтік мағынада алғашында «қазақ» этнонимі кімдерге қолданылған?

Қасым ханның тұсында қазақтардың саны қаншаға жетті?


Қазақтың ру шежірелерінде Кіші жүзді қалай атаған?

«Бекітемін»__________



Сыныбы: 5

Күні: 09.12.2015жыл.

Сабақтың тақырыбы


§12. Қазақ – жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге бодан болуы.


Мақсаты


Ел қамы үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған, Алашқа мәлім даңқты батырларымыз және Қазақ елінің Ресейге бодан болуы туралы білімді меңгеру.

Күтілетін нәтижелер



А. Ел қамы үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған, Алашқа мәлім даңқты батырларымыз және Қазақ елінің Ресейге бодан болуы туралы біледі.

В.Қазақ халқы мен сан ғасыр соғысқан жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының аңызға толы ерлік істерін талдап, ерекшеліктерін анықтайды.

С. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде еліне пана болған асыл ерлердің игі істерін бағалайды.

Керекті жабдықтар



Қазақстан тарихынан әңгімелер /Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл, Алматы «Атамұра» 2015/, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, электрондық оқулық, карта, тірек- сызба.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе


5мин


Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушыларды «Ержүрек» және «Бас сардар» деп 2 топқа бөлемін.

«Бинго» әдісімен үй тапсырмасына дайындығын тексеремін.
АББҚ бар оқушыға бағдар карта беремін.



Оқушылар «Ержүрек» және «Бас сардар» деп топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

«Бинго» ойынының сұрақтарына жауап беріп, үй тапсырмасына қаншалықты дайын екенін көрсетеді. Сұраққа бірінші жауап берген оқушы «Бинго» деп айтады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалайды.

АББҚ бар оқушылар Бағдар картаны алып жұмыстанады.



Тұсаукесер

5мин


Табыс критерийлері:

А. Ел қамы үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған, Алашқа мәлім даңқты батырларымыз және Қазақ елінің Ресейге бодан болуы туралы білу.

В.Қазақ халқы мен сан ғасыр соғысқан жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының аңызға толы ерлік істерін талдап, ерекшеліктерін анықтау.

С. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде еліне пана болған асыл ерлердің игі істерін бағалау.

«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау;

Электрондық оқулық;




Оқушы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.

Негізгі бөлім

25мин


«Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы Қазақ – жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге бодан болуы тақырыбындағы жаңа сабақты өздігінен меңгеруге мүмкіндік жасаймын.

Постер шығару.

Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.

Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу.

Бағалау критерилерін тарату.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.



Постерді бағалау критерилері:

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Шығармашылығы



Топтар оқулық материалын, қосымша интернет материалдарын және видео роликтен алған мәліметтерін қосып постер құрады.
І- топ: Қазақтың жоңғарларға шайқаста қолын бастаған даңқты батырлары

ІІ- топ: Қазақстанның Ресейге қосылуы.


Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.

Қорытынды

10 мин

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты бекіту.

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.


Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.


Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері

Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай

А. Ел қамы үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған, Алашқа мәлім даңқты батырларымыз және Қазақ елінің Ресейге бодан болуы туралы білемін.

0 1 2 3 4 5




В.Қазақ халқы мен сан ғасыр соғысқан жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының аңызға толы ерлік істерін талдап, ерекшеліктерін анықтаймын.


0 1 2 3 4 5




С. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде еліне пана болған асыл ерлердің игі істерін бағалаймын.

0 1 2 3 4 5







Ұпай

0-5

6-9

10-12

13-15

Баға

2

3

4

5


Бинго 1

Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?

Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдеттік- құқықтық заң жинағын атаңдар:



Дана, әділдігімен атағы шыққан хан:


Ел басқаратын ханның жеке шаруашылығын жүргізетін, орданы қорғайтын адамдарын қалай атаған:

Шыңғыс ханның үлкен ұлы:


1465 жылы құрылған хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары:


Жәнібектің баласы Қасым ханның шығарған заңдар ережесі:

Хақназар ханның ел билеген жылдары:

50 мың әскермен келген Батыр қонтайшыға 600 сарбазбен қарсы тұрған Жәңгір хан қатысқан шайқас:


Бинго 2

1841 жылы Қазақ хандығын қалпына келтіріп, билікті қолына алған хан:

«Төбе би» атанған қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің басшысы:


«Сен – темір де, мен- көмір, Еріткелі келгенмін!

Екі еліктің баласын,

теліткелі келгенмін!

Егесетін ер шықса,

Иілткелі келгенмін!» - деген сөзін жоңғар билеушісіне айтқан кім?


Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан Орта жүздің биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан:


Атақты Жалаңтөс батырдың немересі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан кіші жүздің биі:


«Бай болсаң халыққа пайдаң тисін. Батыр болсаң жауға найзаң тисін» деген нақыл сөзді айтқан би:

Ел басқаратын ханның жеке шаруашылығын жүргізетін, орданы қорғайтын адамдарын қалай атаған:

Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдеттік- құқықтық заң жинағын атаңдар:



Жәнібектің баласы Қасым ханның шығарған заңдар ережесі:

Бинго 3

Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан Орта жүздің биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан:


«Сен – темір де, мен- көмір, Еріткелі келгенмін!

Екі еліктің баласын,

теліткелі келгенмін!

Егесетін ер шықса,

Иілткелі келгенмін!» - деген сөзін жоңғар билеушісіне айтқан кім?


Хақназар ханның ел билеген жылдары:

Шыңғыс ханның үлкен ұлы:


50 мың әскермен келген Батыр қонтайшыға 600 сарбазбен қарсы тұрған Жәңгір хан қатысқан шайқас:


Дана, әділдігімен атағы шыққан хан:



Атақты Жалаңтөс батырдың немересі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан кіші жүздің биі:


«Бай болсаң халыққа пайдаң тисін. Батыр болсаң жауға найзаң тисін» деген нақыл сөзді айтқан би:

1465 жылы құрылған хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары:


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет