Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата21.04.2017
өлшемі95,58 Kb.
#14339
түріСабақ
Сынып: 8

Күні_________________
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.



Дамытушылық:

Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: топтық, жекелей

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Практикалық

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, тапсырмалар, Pascal ABC бағдарламасы

Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Практикалық жұмыс

  5. Қорытындылау

  6. Оқушыларды бағалау

  7. Үй тапсырмасы




    1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

    2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта сіздермен не өткен болатынбыз? Компьютердің қосымша құрылғылары, драйверлер.

  1. Компьютерге қандай құрылғыларды қосуға болады?

  2. Драйвер дегеніміз не?




    1. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер, then – онда, else - әйтпесе.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:



=

Тең

<

Кіші

<=

Кіші немесе тең

>

Үлкен

>=

Үлкен немесе тең

<>

Тең емес

Мысал 1: Екі А және В сандары берілсін. Екі санның үлкенін табу (ЕСУ) алгоритмін және программасын құрайық.

  • алг ЕСҮ (арг нақ А,В, нәт нақ Ү)

  • басы

  • енгізу А,В

  • егер А>B

  • онда Y:=A

  • әйтпесе Y:=В

  • бітті

  • шығару Ү

  • соңы.

Екі санның үлкенін табу алгоритмін Pascal тіліне аударайық:

program maximum;

var a,b,max:integer;

begin


writeln('Екі бүтін сан енгізіңдер');

read (a,b);

if a > b then max:=a else max:=b;

writeln ('Ең үлкен сан',' ', max);

end.

Мысал 2:



  • алг есептеу Ү (арг нақ Х, нәт нақ Ү)

  • басы

  • енгізу Х

  • егер Х≤0

  • онда Y:=Х

  • әйтпесе Y:=

  • бітті

  • шығару Ү

  • соңы.

Pascal тілінде жазайық:


program esep2;

var x, y: real;

begin

Readln (x);



If x<=0 then y:= sqr(x) else y:=sqrt (x);

Writeln ('y=', y:2:0);



End.

Оқушыларға шартты операторға өмірдегі кездесетін шарттар туралы мысалдарды келтіремін.



Осы есептерді Pascal ABC бағдарламасына жазып нәтижесін көрсетемін.

    1. Практикалық жұмыс. Оқушылар таратылған деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

Сабағымызды бекіту үшін тапсырмаларды орындайық.

Есеп 1.

Мұғалімнің көрсеткен мысалына ұқсас есептерді шығару.



Есеп 2.

Орташа есептерді шығару.

Кез-келген санның жұп не тақ екенін анықтайтын программа құрыңыз.



PROGRAM sandar;

VAR a: integer;

Begin

Write('a енгиз');

read(a);

if (a mod 2)=0 THEN write('жуп сан') else write('а так сан');

end.

Есеп 3.

Күрделі есептер

Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.

program h;

var t:real;

begin

read(t);


if t>=50 then write(' ыстык ') else

if t>=25 then write(' калыпты ') else write('суык ');

writeln('t=',t);

end.


Шығарылған есептерді қорытындылау.

    1. Қорытындылау.

    2. Оқушыларды бағалау

    3. Үй тапсырмасы.

Шартты оператор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет