1.Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме. 2.Ұқыптылық атаулының ішінедегі ең жақсысы-ұқыпты сөйлеу 3.Тәртіп- жауынгердің бірінші құралы. 4.Отан үшін отқа түс-күймейсің 5.Не әділ болса, сол мәңгілік
Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут)
Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
.
Ысқырық Секундомер Спорттық фишкалар Секіртпелер
Сабақтың соңы 5 минут
Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.