Жаңа сабақ : (тұсаукесер)
– Суда не тіршілік етеді?
– Ол сусыз тіршілік ете ала ма?
– Ал бақа ше? Дүниетанудан білетіндерің бойынша айтып беріңдерші.
Ол құрлықта да, суда да өмір сүре алады. Ол қосмекенді.
Қазір оқитын мысалымызда құрлық, мекен деген сөздер кездеседі. Яғни, құрлық дегеніміз – сусыз жер, ал мекен дегеніміз – тұратын жері, қонысы, өмір сүретін ортасы
Бейнежазбадан балық тіршілігін тамашалау.
Оқушылар бейнежазбаны көре отырып бүгінгі өтетін тақырыпты айқындайды.
-Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ш. Смаханұлының
«Тәкаппар» мысалы
Автор жайлы мағлұмат беру
Мысалды жазған белгілі сықақшы Шона Смаханұлы. 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Мектеп баспасында, «Ара» журналында жұмыс істеген.Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Тотияйын», «Қу түлкінің сыбағасы» өлеңдері бар.
(Слайдтан автор және оның өмірбаяны көрсетіледі)
|