Сабақтың тақырыбы: Тәкаппар (мысал) Сілтеме 2 сынып Әдебиеттік оқу,жоспар



Дата08.09.2017
өлшемі56,75 Kb.
#31183
түріСабақ


Райымқұл Дариға

«Әдебиеттік оқу» 2 сынып

16.02.2016

35 И Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі










Сабақтың тақырыбы:

Тәкаппар (мысал)

Сілтеме

2 сынып Әдебиеттік оқу ,жоспар,

Жалпы мақсаты

Міндеттері



1.Мысалдың авторы Ш. Смаханұлы жайлы мағлұмат алу.

2.Мысалдың басқа шығармалардан айырмашылығы туралы білу.

3. Мысал желісі бойынша адамның бойындағы жақсы –жаман қасиеттерді анықтау

Топпен жұмыс жасауға үйрену



Күтілетін нәтиже

1.Мысалдың авторы Ш. Смаханұлы жайлы білетін болады.

2.Мысалдың басқа шығармалардан айырмашылығын білетін болады.

3. Мысал желісі бойынша адамның бойындағы жақсы –жаман қасиеттерді анықтайды

Топпен жұмыс жасайды




Оқуда қолданылатын әдіс –тәсілдер:

Жеке жұмыс ,топтық жұмыс,жұптық жұмыс

«Кір жаятын жіп» , «Диагностикалық сұрау»



Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекекті:

Оқушының іс-әрекеті


1мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде тұрып, өлеңді хормен айтып бүгінгі сабақтарына сәттілік тілейді.



2мин

Топқа бөлу:

Оқушыларды кішіпейілділік, мейірім-

ділік, қайырымдылық, әдептілік, адалдық

Топқа бөліну: адамның бойындағы жақсы қасиетер жазылған сөздер арқылы бес топқа бөлінеді



7мин

Үй жұмысын тексеру:

«Кір жаятын жіп»

Қораптағы өткен сабақта қалдырған сұрақтары оқылады.

1.-Даңғой мысалының авторы кім?

2. Өлеңді неге мысал өлең дейміз?

3. «Даңғой» өлеңінің басты кейіпкерін ата. Одан үлгі алар ма едің?

4. Осы мысалда қандай әдет сыналған?

5.Қияр не деп мақтанды?

6.Мақтаншақтық қандай әдет?

7. Қияр қандай күйге ұшырады?



«Кір жаятын жіп»

Оқушылар стикерге жауабын жазып кір жаятын жіпке іледі.




5мин

Жаңа сабақ : (тұсаукесер)

– Суда не тіршілік етеді?

– Ол сусыз тіршілік ете ала ма?

– Ал бақа ше? Дүниетанудан білетіндерің бойынша айтып беріңдерші.

Ол құрлықта да, суда да өмір сүре алады. Ол қосмекенді.

Қазір оқитын мысалымызда құрлық, мекен деген сөздер кездеседі. Яғни, құрлық дегеніміз – сусыз жер, ал мекен дегеніміз – тұратын жері, қонысы, өмір сүретін ортасы



Бейнежазбадан балық тіршілігін тамашалау.

Оқушылар бейнежазбаны көре отырып бүгінгі өтетін тақырыпты айқындайды.



-Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ш. Смаханұлының

«Тәкаппар» мысалы

Автор жайлы мағлұмат беру

Мысалды жазған белгілі сықақшы Шона Смаханұлы. 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Мектеп баспасында, «Ара» журналында жұмыс істеген.Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Тотияйын», «Қу түлкінің сыбағасы» өлеңдері бар.

(Слайдтан автор және оның өмірбаяны көрсетіледі)

Оқушылардың ойын тыңдау

Автор жайлы мәлімет алады.



5мин

10мин

10мин



Жұптық жұмыс:

«Диагностикалық сұрау». Әдісі


1. Мысал қара сөзбен жазыла ма?

2.Мысалдағы кейіпкерлер шын мәнінде сөйлей ма?

3. Жағымсыз қасиеттерді сынап мінеуге арналған шығарманы мысал дей аламыз ба?

Бағалау :Тақтаға дұрыс жауабы шығарылып өзін- өзі тексеру

Мысалмен таныстыру:


  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Оқушылардың оқуы

  3. Рөлмен оқу

Топтық жұмыс:

  1. топ

Балық сөзіне топтастыру жасау

  1. топ

Тәкаппар сөзіне топтастыру жасау

  1. топ

Мысал бойынша сурет салып, боя

4-топ

Екі мысалды салыстыр. Кестені толтыр.

5-Топ

Мысалдан балықтың сөздерін тауып жаз.

Бағалау : топтарда өзара бағалау



Жұптық жұмыс:
топтарда өзара бағалайды

Оқушылар өз ойларын ортаға салып талдап ,постерге түсіреді және қорғайды






4мин


Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз:

7) Кері байланыс: «Ыстық орындық» сұрақтар арқылы

1) Мысалда не туралы айтылған?2)Балық арқылы адамның бойындағы қандай жаман әдет сыналады?



3) Мысалдағы қорытынды ой не?

-Мысалдан өзіңе қандай сабақ алдың?





1 мин

Кейінгі оқу

«Балықтың жалынышты үнін естіген Теңіз......» деп, Балықты қиындықтан құтқарып, мысалды жалғастырып аяқта




Кейінгі тапсырма

Жақсы –жаман қасиеттерге байланысты мақалдар жазып келу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет