Жаңа тақырыпққа дайындық Подготовка к изучению нового
материала
Мәтіналды жұмыс.
Лексикалық минимум. Бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздермен танысайық. жаңа сөздерді бірнеше рет қайталап, еске түсіріп алыңыз. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын, оқимын, оқушыларға қайталатамын, сөздік дәптермен жұмыс жасатамын.
Ұлы дала - кең-байтақ, аса ауқымды жерді алып жатқан мекен.
Дала өркениеті – қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы.
Бес қару – садақ, найза, қылыш, шоқпар және сойыл, ерлер асынып жүретін қару-жарақ
Жылнама – әр жылда болып өткен елеулі оқиғаларды баяндайтын кітап.
Қазір сіздердің назарларыңызға бейнематериал ұсынылады. Бейнематераилды мұқият көрейік.
Тапсырма. Бейнематериал мазмұны бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыпта кластер сызыңыз.
Бейнематериалды көріп, тапсырманы орындап болсаңыздар, жауаптарыңды тыңдайық.
Атқа міну мәдениеті.
Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Аң стилі
Алтын адам
Түркі әлемінің бесігі
Ұлы Жібек жолы
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.
Дескриптор:
Жаңа сөздерді үйренеді, сөздік жұмысын жүргізеді.
Бейнематериал мазмұны бойынша кластер толтырады.
Олай болса, келесі Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаламен таныс болайық.
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
Сонымен ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |