2-топ Түркі әлемінің бесігі. Ұлы Жібек жолы. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
Дескриптор: Мәтіннен қажетті ақпаратты алады; Тыңдаушыға ықпал ету тәсілін, автор позициясын анықтайды; Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Жеке жұмыс 2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жинақы мәтін құрастырып, жазыңыз.
Дескриптор: Жинақы мәтін құрайды
Жұптық жұмыс 3-тапсырма «Жылқы ‑ қазақтың рухы» деп аталатын Қазақсан телеарнасынан берілген ақпаратты көріңдер. Бейнематериалдағы атбегі Ерлан Омаровқа бірнеше сұрақ дайындаңдар. бірің тілші, бірің Ерлан Омаров рөлінде диалог құрыңдар. 122 бет https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/46887/jylqy-qazaqtyn-ruhy/
3-тапсырма. Бейнемәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрыңдар.
Дескриптор: Ақпарат бойынша дұрыс сұрақтар құрастырады; Диалог құрады; Диалогте этикет формаларын орынды қолданады. Топтық жұмыс жасайды
Мәтінді оқиды. Мәтіннен қажетті ақпаратты алады; Тыңдаушыға ықпал ету тәсілін, автор позициясын анықтайды; Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.