Сабақтың тақырыбы: «Темір-аспан тасы»



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі3,17 Mb.
#24272
түріСабақ
  1   2
«Темір-аспан тасы»


Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының

жалпы білім беретін Нығманов атындағы

орта мектебі» КММ – нің

химия пәнінің мұғалімі

Куватова Алма Маженовна

Пәні :Химия

Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: « Темір-аспан тасы »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: металдардың пайда болу тарихы мен Қазақстан металлургия өнеркәсібімен таныстыру. Металдардың биологиялық маңызы, ағзаға тигізетін пайдасы және зияны таралы түсінік беру.Темірдің құрылысы, қасиеттері, алу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың химиядан алған білімдеріне сәйкес шығармашылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: слайдтар ,металдар жинағы, периодтық кесте, суреттер, химия энциклопедиясы,реактивтер, интербелсенді тақта.

Реактивтер: темір ұнтағы, күкірт, тұз қышқылы, мыс сульфаты, т.б. сынауықтар.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдері:АҚТ, топтық жұмыс,СТО стратегиялары.

Сабақ жоспары:

І. Үйымдастыру қезеңі .Тілек шеңбері./Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады/. Әртүрлі стикерлер арқылы оқушылар 6 топқа бөлінді: тарихшылар, географтар, биологтар, химиктер, әдебиетшілер, физиктер.

ІІ Өткен сабақты қайталау . Үй тапсырмасын тексеру.

Тарихшылар тобына сұрақтар:

1. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі қосымша топшаларында орналасқан элементтер?  d , f -элементтер

2. Сұйық-металл?  Сынап

3. Хромды өнеркәсіпте алудың әдістері?  Пирометаллургиялық, алюминтермиялық

4. Хром қышқылының формуласы?  H2CrO4

5. Хром (ІІ) оксидінің сипаты мен түсі ?  Негіздік оксид, қара ұнтақ.



Географтар тобына сұрақтар:

1) Хромның жер қыртысындағы мөлшері? 0,03%

2) Бұл металл тек микроорганизмі жойып қана қоймай, тірі ағзадағы ұлпа құрамына да кіред ? Күміс

3) Электр шамында болатын қатты металл ?  Вольфрам

4) Хромның ПЖ орны ?  6 топ , қосымша топша, 4 период.

5) Дихром қышқылының формуласы?  HCr 2O7



Биологтар тобына сұрақтар:

1) Металдарға тән кристалдық тор?  Металдық

2) Коррозия дегеніміз не?  Металдың жемірілуі

3) Қан құрамына кіретін металл ? Темір

4) Металдарға тән байланыс түрлері?  Металдық

5) Хром (ІІІ) оксидінің сипаты мен түсі Екідайлы,қиын балқитын күнгірт-жасыл түсті ұнтақ



Физиктер тобына сұрақтар:

1) Хромның темірмен құймасы?  Феррохром.

2)Хромның қандай тотығу дәрежелері тұрақты?  +2,+3,+6

3) Өнеркәсіпте таза хромды қалай алады?  Хром(ІІІ)оксидінің алюминиймен тотықсыздану арқылы

4) Қиын балқитын металл?  Вольфрам

5) Металл коррозиясын тежейтін заттар?  Ингибитор



Әдебиетшілер тобына сұрақтар:

1) Хромның атом құрылысы қандай? Ядро заряды +24; протон саны-24; нейтрон-27; электрон-24

2) Хром қышқылының тұздары және олардың түсі ?  Хроматтар, сары түсті

3) Еліміздегі хромның бай кен орындары?  Ақтөбе облысы

4) Хромның түсі? Күмістей ақ, жылтыр.

5) Хромның никельмен құймасы ?  Нихромдар.



Химиктер тобына сұрақтар:

1)Хромның сыртқы электрон қабатында қанша электрон бар?  1 электрон.

2)Ең қатты металл?  Хром

3) Азот және концентрлі күкірт қышқылымен неге әрекеттеспейді?  Хром (ІІ) оксидінде берік қабықшасы бар.

4) Хром (VІ) оксидінің сипаты мен түсі? Қышқылдық оксид, қанық қызыл түсті кристалды зат.

5) Дихром қышқылының тұздары және олардың түсі? Дихроматтар, қызыл-сары түсті.



2) “ Тапқыр болсаң тауып көр”

Қазақтың ұлы ақыны Абай бір металды жұмбақтап былай деген екен:



Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кең.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен. Ол қандай металл?





Сабақтың тақырыбына шығу: Темір-аспан тасы

«Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған , өсімдіктер солып ,өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог , академик А.Е.Ферсман.



ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары(оқулыкпен жұмыс :§ 36 )Әр топ алған тапсырмасын постерге суретін салып қорғайды.

1. Темірдің периодтық жүйедегі орны; (химик)



2. Атом құрылысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)

3. Табиғатта таралуы және маңызы;( географ)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет