Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ



Дата19.02.2017
өлшемі88,6 Kb.
#10529
түріСабақ
Жалмагамбетова Жанат Жумагалиевна
Ақтөбе қаласы,

43 негізгі мектеп-бақшасының



химия пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, биология, физика, әдебиет, астрономия және медицина

Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), периодтық кесте, темір шеге, пробиркалар, реактивтер, видео проектор.

Тақырыпты меңгерту жоспары:

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны, қосылыстарының қолданылуы (химик)

  2. Физикалық қасиеттері (физик)

  3. Темірдің таралуы (астроном)

  4. Табиғатта кездесуі (геолог)

  5. Темірді алу әдістері (металлург)

  6. Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)

  7. Темірдің биологиялық маңызы (биолог)

  8. Адам ағзасында кездесуі (медецина)

  9. Темір туралы мақал – мәтелдер (әдебиетші)

  10. Темірдің химиялық қасиеті (химик)

Мұғалім: Темір. Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл кіріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.

Темір және олардың қосылыстары жөнінде толығырақ мәліметті мамандардан білейік

Химик: Темір периодтық жүйеде: 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26. Салыстырмалы атомдық массасы 56, электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады. Темірдің мынадай қосылыстары бар. Олар: Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін. Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады. Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі. Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады. Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады. Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.

«Темірдің табиғи қосылыстарының жиынтығы» (Слайд)

Сәйкестікті тап

формулалар аттары

1. FeO ә) темір сульфаты

2. FeSO4 б) темір (ІІІ) гидроксиді

3. Fe(OH)3 в) темір (ІІ) оксиді



Физик: Темірдің физикалық қасиетіне тоқтала кетейін. Темір ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 және 1539 Градус температурада балқиды. Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады. (слайд)

12. Толықтыру тест тапсырмалары

1.Темір ------ түстес ------- металл.

2.Темір иілімді,------- қасиеті бар, тығыздығы-------.

3.Темірдің салыстырмалы атомдық массасы Ar -------тең.

4.Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.



Астроном: Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында тұр.

«Кім жылдам?» есептерді орындау. Қазір мынадай тәжірибе жасаймын

. Темір шегелерді: а) күкірт қышқылы H2SO4, ә) мыс (ІІ) сульфаты CuSO4, б) кальций хлориді CaCI2, , в) натрий хлориді NaCI ерітінділері бар сынауықтарға салды. Реакция теңдеулерін жазу.

Геолог: Темірдің табиғи минералдары: Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe) Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe) Fe2O3 • 3H2O лимонит (50% Fe) FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe) FeSO4• 7H2O темір купорасы Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай). (слайд)

Металлург: «Темірдің (ІІ) және (ІІІ) гидроксидтерін алу»

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:



Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы: Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Индияның астанасы Делиде б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд) Эйфель мұнарасы 1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. (Слайд)

Биолог:Темірдің биологиялық маңызы. Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. (слайд)

Медицина маманы:Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады. Абай ауданы Қарауыл селосында темір жетіспеушілігінен болатын анемия ауруымен ауыратын адамдар жөнінде мәлімет (2009 жыл) Тұрғындар саны – 6510 Анемия ауруымен ауыратындар: 16 жасқа дейінгі саны – 87 . Жас өспірімдер саны – 21 . Үлкендер саны – 99 Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: Итмұрын тұнбасы Орамжапырақ алма Қара шие Сиыр еті Малдың бауырында (слайд)

Әдебиетші: Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік: Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: темір.

Ал, сендер темір жөнінде қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Темір жөнінде мақал-мәтелдер: «Көптің аузы-темір талқы» «Темірші – көміршіге үйір» «Темірді қызған кезде соқ» «Болат қайнауда шынығады Батыр майданда шынығады» «Алмас пышақ қап түбінде жатпас» «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық» «Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай. Ағаш кессең ұзын кес, Қысқартуың оңай». «Болат бүгілмес-морт сынар». «Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме». «Болған іске болаттай берік бол»

Химик От көмір жейді,

Тот темір жейді- деген темірдің химиялық қасиетіне байланысты айтылған.

Құрғақ ауада – оксидтің қорғағыш қабығымен қапталады. Ылғал ауада- тоттанады.

Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдардың желіну құбылысы коррозия деп аталады яғни, жемірілу деген мағынаны білдіреді. Металдар мен ауыл шаруашылық техникасы көбіне жемірілуге ұшырайды. Жемірілу әсеріне металл бұйымдары жарамсыз болып қалады.

Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.
2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар.
3. Электр қорғау
4. Орта құрамын өзгерту

Қорытындылау деңгейлік тапсырмалары

І. Бөлім «Қанағат» 1. Реакцияны аяқта, теңестір.

Fe+O2

Ca+Cl2

Mg+S →

2. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.

ІІ. Бөлім «Талап»

1. Мынай Ca →CaO→ CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды жаз.

2. 80г кальций жанғанда (қ.ж) жұмсалатын оттегінің көлемін тап.

ІІІ. Бөлім "Терең ой”

  1. Мынадай өзгерістерді жүзеге асыр

Fe →FeO→FeSO4→Fe(OH)2

2. 2KСlO32KCl+3O2 теңдеуіндегі барлық коэффициенттер жиынтығын тап.

Үй тапсырмасы шығармашылық тапсырма: Темірдің Қазақстандағы кеңдері туралы және темірдің қолданылатын жерлері атты реферат жазып келу.

№6 есеп шығару 142-бет
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет